Мүмкіндігі мол мұнайлы аймақ

Сұхбат
10.12.2025, 11:49
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау темір жолы – Орта Азия мен Қазақстанды Кавказбен, Ресейдің орталық аудандарымен, Батыс, Балтық жағалауы мемлекеттерімен жалғастырып, еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға жұмыс істеп келеді. Қазақстанның батыс қақпасы, мұнайлы өлке ретінде ел экономикасы үшін стратегиялық маңызды роль атқарып отыр. Биыл да өңірде біраз жұмыстар атқарылды. Соған орай Атырау магистральдық желі бөлімшесінің директоры Аралбай Қосымбаевпен сұхбаттасқан едік.  

– Аралбай Аманбайұлы, өндірістік аймақ саналатын Атырау облысы үшін темір жолдың маңызы зор екені белгілі. Өтіп бара жатқан жыл аймақ темір жолы үшін қаншалықты жемісті болды, қозғалыс қауіпсіздігін сақтау бойынша қандай жұмыстар атқарылды?

– Компания басшылығы қойған міндеттерді жүзеге асыру және бекітілген жоспарларды орындау мақсатында Атырау магистральдық желі бөлімшесі көптеген жұмыстар атқарып келеді. Атап айтқанда, 2025 жылдың 11 айлық көрсеткіші бойынша пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі толық сақталған. Апатты жағдай, пойыздардың аударылуы, өндірістік жарақат, басқа да келеңсіз оқиғалар тіркелмеді. Әр теміржолшының басты мақсаты пойыз қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, межелеген жерге уақытылы жеткізу болғандықтан, қауіпсіздікке баса мәне беріледі. Жалпы темір жол саласында ең бірінші ұстаным бұл – тәртіп, біздің жұмысымыз тәртіпсіздік пен салғырттықты көтермейді. Сондықтан, қауіпсіздік мәдениетін артырудың бірден-бір жолы – тәртіп сақтау, жұмыс ережелерін жетік білу, талаптарға бағыну, жауапкершілікті сезіну. Жұмысшылардың дені осы талап деңгейінен көрініп келе жатқаны қуантады.  

– Сондай-ақ, мамандардың білім мен біліктілігі де жоғары болуы тиіс қой?

– Әрине. Дирекция бойынша мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында жоспарлы техникалық сабақтар үнемі жүргізілуде. Сонымен қатар түрлі жағдайлар мен оқыс оқиғаларға байланысты жеделхаттар уақытылы оқытылып, келесі кезекте мұндай жағдайлардың қайталанбау мақсатында жұмысшылардың білім деңгейін көтерудеміз. Техникалық сабақ барысында қысқа метражды видеороликтер, ситуациялық схемалар міндетті түрде жұмысшылар назарына ұсынылады. Өндірістік жұмысты орындау технологиясы, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасының талаптары қатаң сақталады. Жұмысшылардың  білімі  мен  біліктілігі  де жақсы дәрежеде. Жұмысқа орналасқан жас мамандарды немесе басқа лауазымға ауыстырылған мамандарды Ақтөбе қаласында орналасқан  теміржолшыларды  оқытатын  орталықта  қайта даярлаймыз. Соған сәйкес 67 адам  мамандығы  бойынша жұмыстан босатылып 4  ай  мерзімге даярлық курсына  барып  оқыды және 2 апталық  біліктілікті  арттыру  курсына – 30 адам, 10 сағаттық өнеркәсіптік  қауіпсіздікке 218  адам  онлайн  оқыды. Барлығы  315  адам.  

– Дұрыс-ақ. Осындай мамандармен тасымал тасқыны қалай ұйымдастырылуда?

– 2025 жылдың 11 айында Атырау бөлімшесі жүк тасымалы бойынша жалпы көлемі 133 391 вагон, 6 593 374 тонна мұнай өнімдері тасымалданды. Оның ішінде: Құлсары станциясы бойынша пропан-бутан және мұнай өнімдері 2 212 485 тонна, Теңдік станциясы бойынша мазут, газойл, кокс, дизель отыны, автобензин 4 155 604 тонна. Сазанқұрақ базасынан мұнай 35 678 тонна. Махамбет станциясы бойынша 189 610 тонна мұнай тасымалданды. Жүк тасымалының жоспары 11 айда 75% орындалды. Мұнай өңдеу зауытымен қоян-қолтық жұмыс істейтін станцияның қуатын арттыруды да компания басшылығы бастама етіп көтерген болатын. Зауытпен қапталдас станцияларда бұрмаларды түгел автоматтандырдық, олардың жүк өткізу қабілеті мен техникалық қуатын арттыру бағытында атқарылған жұмыстар нәтижесінде вагондарды қабылдау-жөнелту тездетіліп, жұмыс та жеңілдеді. Аймақтағы станциялардың біздің бөлімшеге берілуі де бізге үлкен жауапкершілік жүктеп отыр.  

– Биыл қанша шақырым жол күрделі және ағымдағы жөндеуден өтті және қай учаскелерде болды? Жалпы өңірдегі магистральды жолдың сапасы қалай, қанша шақырым жаңарды? Ол жұмыстарға қандай техникалар қолданылуда?

– Инфрақұрылым нысандарын жаңғырту, кеңейту, технологиялық процестерді жетілдіру мақсатында жол шаруашылығы бойынша 2025 жылдың 11 айында Атырау магистральдық желі бөлімшесі бойынша жалпы көлемі 66,721 шақырым жолда күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған болатын. Олар Разъезд №4 - Разъезд №5 Ганюшкино, Разъезд №265, Разъезд №279 және  Разъезд №465 - Разъезд Толтыр - Разъезд №467 учаскелерінде жүргізілді. Жолды күрделі жөндеу толығымен 100% пайызға орындалды. Сондай-ақ 2025 жылдың 11 айында  жоспар бойынша жүргізілген жөндеу жұмыстарына келсек: күрделі орташа жол жөндеу жұмысы  9,871 шақырым құрады. Темірбетонды бағыттамалық бұрмаларды ауыстыру бойынша 31 жиынтық  жоспарланып, қазіргі уақытта жаңа 10 бұрма жоспар бойынша  орнатылды. Ескі бұрмаларды қайта ауыстыру жұмыстары бойынша 21 комплекті орнатылды. Түйіспесіз рельс ауыстыру жұмыстары 12,811 шақырым құрады, түйіспесіз рельс тозығы бар жерлерге және станциялық жолдардың жай-күйін жақсарту мақсатында орташа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген станциялық жолдарға төселді. Ал, Р-50 типінен Р-65-ке типіне ескі рельстерді ауыстыру жұмыстарының орындалуы 9,5 шақырымды құрап отыр. Станция жолдары мен бағыттама бұрмаларының жағдайын жақсарту және нығайту жұмыстарының  орындалуы 3,9 шақырым. Бағыттамалардың желінуін азайту мақсатында 10 бағыттамалы бұрмаға протекторлар орнатылды.  Жол жөндеу бойынша МПТ-4 техникасы, ДГКу техникасы, ЕДК-300 краны, ЕДК-500 краны машиналар кешені пайдаланылып, технологиялық процесс жетілдірілді. Әлбетте, жолдың сапалы жөнделуі жүк және жолаушылар пойызының жылдамдығына жағымды ықпал ететіні анық.

– Инфрақұрылымды жақсарту, байланыс саласын модернизациялпау, жолдар мен станцияларды жағдайын жақсарту бағытында қандай жаңашылдықтарыңыз бар?

– Темір жол қашанда бір орнында тұрып қалмайтын, компанияның салалық бағдарламалары арқасында үнемі жаңару мен жақсаруды көріп келе жатқан сала. Бөлімшеде Маңғышлақ-Бейнеу-Оазис-Мақат-Атырау-Ақсарай учаскелерінде диспетчерлік орталықтандыру қондырғысы түбегейлі жаңартылды. Мұнда да байланыс бұрынғыдан әлдеқайда жақсарып, енбек үдерісінің үдеуіне жағымды ықпал етуде. Байланыс және белгі беру дистанцияларында байланыспен қамтамасыз ету жағына аса көңіл бөліп ескі құрылғыларын жаңа үлгідегі, озық технология талаптарына сай жүргізуге көшті, талшықты-оптикалық байланыс желісі жүргізіліп, байланыс айтарлықтай жақсарды. Сондай-ақ, барлық аймақ бойынша DX-500 арқылы телефон байланысы орнатылды. Ол арқылы халықаралық сөйлесулер комутатордың қосуынсыз немесе «8» байланыс нөмірінсіз мүмкін болды, яғни сөйлесулер жедел әрі тегін. Атырау сигнализация және байланыс дистанциясы бойынша пойыздардың жүруін басқару жүйесі ескі құрылғы МПДЦ-дан МП АСДЦ-ға алмастырылды. Сонымен бірге Атырау, Махамбет станцияларында ескі ПВ-60, ВП-2, ПРББ, ПВ-24, ПВ-220 қоректендіру панельдері жаңа үлгідегі цифрландырылған ПП-ЭЦ-70 панельдер жүйесіне, Атырау және Ганюшкино станциясында ескі 1970 жылғы ДГА-24М қосалқы электростанциясы жаңа үлгідегі BL-30 электростанциясына ауыстырылды.  

– Жолда мал басу көп болатын оқиға, оған қандай шара қолданылып жатыр?

– Шыны керек, темір жолға  қараусыз малдың шығуына байланысты мал басу оқиғалары азаймай тұр. Бұл жағдайдың орын алуының бірден бір себебі мал иелерінің малды бақташысыз жіберуі. Біздің тарапымыздан, яғни Атырау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты жол дистанция басшыларымен малды темір жолдан алшақ жерге қайыруына адам бөлініп, жыл сайын малды темір жолға шығармау үшін қоршаулар тұрғызу жұмыстары жүргізілуде. Биыл қоршау тұрғызу жұмыстары жоспар бойынша 115,4 шақырым құраса, 11 ай қорытындысымен  орындалуы 104 шақырым. Сонымен қатар,  кезектен тыс мекеме қызметкерлерімен машинист кабинасында күндізгі, түнгі уақытта барлығы 81 тексеріс жүргізілді. Сондай-ақ қазіргі таңда Атырау облысы ауыл шаруашылығы бөлімімен және ауыл әкімдерімен бірігіп рейдтік шаралар жүргізіліп, жергілікті мал иелерімен дөңгелек үстел, кездесулер өткізіліп, атқарылған жұмыс қорытындылары ғаламтор желісіне жүктелді.  

– Пойыздардың жолдан шығып кетуі, соқтығысуының алдын алу мақсатында қандай шаралар алынды?

– Қозғалыс қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін факторлар – жолдың, СОБ қондырғыларының техникалық жағдайы, еңбек құралдарының жай-күйі, кадрлардың біліктілігі мен тәртібі тұрақты бақылауда. Аталған кезеңде жол шаруашылығының техникалық жағдайы, еңбек қауіпсіздігінің сақталуы, оқыс оқиғалардың алдын алу жұмыстары толық жасақталды. ПЧ,ШЧ,ЭЧ  мекемелерінің басшылары мен инженерлеріне техникалық сабақтар оқыту, ай сайын анализ жасалып, оны ұжым қызметкерлерімен талқылау жасалды. Темір жол участкелеріндегі жол құрылымдары, стрелкалы учаскелер және байланыс-бақылау құрылғылары тексеріліп,  анықталған ақаулар уақытылы жойылды.  Қауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылау мақсатында тәуліктік кезекшілік пен мониторинг күшейтілді. Жалпы, бөлімшеде қауіпсіздікті бұзу мен төтенше жағдайлар орын алған жоқ. 11 айдағы жол өлшеуіш вагонының қорытындысы бойынша өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда баллдық бағалауы жоғары деңгейде болды. Сигнал беру және байланыс баллдық көрсеткіші 109,9 баллды «өте жақсы» деген бағаны құрады.

– Алдағы уақытта тағы қандай  жұмыстар жоспарлап отырсыздар?

– 2026 жылға теміржол вокзалдарын қайта құру және жаңғыртудың 2-кезеңіне Атырау облысы бойынша 9 теміржол вокзалы, оның ішінде Құлсары, Кенбай, Жантерек, Таскескен, Ескене, Нарын, Бақсай, Қоркөл, Боранқұл тізімге енгізілген болатын. Инфрақұрылымның жағдайын жақсарту мақсатында 2026 жылы 60  шақырымға күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған. Нысандарды жаңарту мақсатында 2026 жылға 27 нысанды ағымдық жөндеуден өткізу үшін бюджеті жасалды. Оның ішінде 14 нысанның жобалық сметалық құжаттамасы дайын.  

– Әңгімеңізге рахмет!

 

Жүк тасымалы
01.04.2026
Үкімет басшысы ЕАЭО-дағы жүк тасымалын үйлестіру үшін нейрожелілерді пайдалануды ұсынды
Жаңалықтар
01.04.2026
ҚТЖ-да көктемгі комиссиялық тексеру басталды
Жаңалықтар
01.04.2026
«Бақты – Аягөз» жобасы назарда
Әлемде
01.04.2026
Alstom Белград метросының алғашқы желісіне пилотсыз пойыздар жеткізбек
Жолаушылар тасымалы
01.04.2026
Жолаушы пойызда немесе вокзалда затын ұмытса, қандай әрекет жасау керек?
Жаңалықтар
31.03.2026
ҚТЖ-да еңбек ардагеріне құрмет көрсетілді
Әлемде
31.03.2026
2026 жылы Қытай - Еуропа бағытындағы жүк тасымалы 25%-ға артты
Жаңалықтар
31.03.2026
Қарағанды облысында жолаушыларды темір жолмен тасымалдау тарифі өзгереді
Жаңалықтар
31.03.2026
Қазақстан темір жолы Starlink жүйесін енгізуде
Жүк тасымалы
31.03.2026
Каспий теңізі: үміт пен күдік
Аймақтар
31.03.2026
Жамбылға жеті автокөлік келді
Қауіпсіздік
31.03.2026
Шұғыл тежелу – үлкен шығын
Темір жол тарихы
31.03.2026
Майталман теміржолшы Әнуарбек Ыбыраевтың құрметіне ескерткіш тақта орнатылды
ҚТЖ келбеті
31.03.2026
Парасат биігінде
Жаңалықтар / Мұрағат
31.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №24 31 наурыз 2026 жыл
Жолаушылар тасымалы
30.03.2026
Сұранысқа сай сервис
Спорт
30.03.2026
Атыраулық теміржолшылар баскетболдан үздіктерді анықтады
Аймақтар
30.03.2026
Атырау облысында 9 теміржол вокзалы жаңғыртылып жатыр
Жолаушылар тасымалы
30.03.2026
«Астана – Талдықорған» бағытында тікелей пойыз қатынасы іске қосылады
Жаңалықтар
30.03.2026
Jibek Joly туристік пойызы кезекті халықаралық сапарын аяқтады