Жолаушыға бағдарланған жүйе

Жолдау
18.09.2019, 16:31
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің кепілі» атты Жолдауы талқыланған алқа мәжілісінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Серік Әбденов өзекті мәселеге қатысты ой білдірді.

С. Әбденов өз сөзінде қолдан жасалған билет тапшылығымен күрес және темір жолдағы тариф пен баға белгілеу мәселесімен жүйелі айналысу жайын баяндады.

– Көлік саласындағы кейбір заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, заң жобасында жолаушылар тасымалын субсидиялау жүйесінің айқындылығын қамтамасыз ететін түзетулер қарастырылуда. Қолданыстағы заңдарға ұсынылып отырған түзетулерді жүзеге асыру ұлттық компания тобында құрылымдық қайта өзгерістер қажет етеді. Осыған орай «ҚТЖ-ЖТ» АҚ құрамында «Жолаушылар локомотивтері» атты құрылымдық бөлімше ашылмақ, – деді С.Әбденов.

Одан әрі ол қолдан жасалған билет тапшылығын жою бойынша бірқатар күрес шараларына кеңінен тоқталды. Бұл тұрғыда жолаушылардың ұйымдасқан тобынан түсетін өтінімдер беру мерзімі, резервтелген орындарды сатып алу мерзімі өзгертілді. Сонымен қатар жолаушылардың ұйымдасқан топтарының бастапқы тізімін өзгертуге шектеулер қойылды. Бұрын пойыз жүргенге дейінгі 7 күн ішінде аталған тізімді қайта-қайта өзгертуге мүмкіндік болған. Бұған қоса топтық билеттерді рәсімдеуде әрбір жолаушыны жеке-жеке рәсімдеуге ауыстырылды. Ал бұл бұған дейін барлық топқа сол топ жетекшісінің реквизитін көрсету арқылы тек бір бланкпен ғана толтырылып, рәсімделетін. Сондай-ақ бұрын қайтарымсыз депозит бойынша бір орынды резервтеу жинағы 1 орынға 290 теңгеден келсе, қазір топтың жал пы жол жүру сомасынан 30 пайыз алынады.

Жолаушылардың жолда жүру жағдайын жақсарту мақсатында жолаушыларды, багаж-дар мен жүк багаждарын тасымалдау ережелеріне де толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, бұл барлық мүгедектер мен мүгедек балалар үшін билет құнына қарай 50 пайыз жеңілдік жасау, билет қайтарып алу операциясы үшін 1000 теңге көлемінде комиссиялық алым алмауға қатысты болып отыр. Жолаушылар тасымалы бойынша талаптардың орындалуы мәселесіне қатысты билетсіз мінгендер мен рәсімделмеген жүктердің өтуіне жол бермеу және бақылау бойынша ревизорлық қызмет жұмысы қайта ұйымдастырылды.

Сонымен бірге ІТ жүйе жетілдіріліп, соның аясында темір жол билеттерін алып сататын делдалдармен күрес күшейтілді. Мәселен, осы жылдың 1 шілдесіне дейін «делдалдар» барлық вагондардан пойыз жүргенге дейін 45 күн бұрын орындар сатып алатын, ал оларды басқа адамның атына қайта рәсімдеу үшін билетті қайтарғанда оған кепілдік беру мүмкіндігі керек болды. Ал бұрынғы «АСУ Экпресс» жүйесі бұл функцияны бірнеше мәрте өтінім жіберу арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Оның нәтижесі үнемі сәтті аяқталатын. Осындай қолдан билет тапшылығын жасаушылармен күрес үшін енгізілген жаңа «Мобиус» жүйесінде орындар «аулауды» бұғаттау функциясы және «Күту парағы» қарастырылған.

– Бұл жаңашылдықтардың бәрі жолаушылар игілігін көздейді. Қазірдің өзінде оң нәтижесін беріп жатыр. Ең бастысы, билет таппаған халық «делдалдарға» күнін түсірмей-ақ өздері билет табуға көшті. Бүгінгі таңда bilet.railways.kz сайтының әкімшілігі қолданушылардың 60-тан астам есептік жазбасын бұғаттады. Себебі олардың әрбіріне билеттердің шектен тыс көлемі рәсімделген. Веб-портал ережесі бойынша бір есептік жазбаға тек 6 жолаушыға дейін адамды тіркеуге болады, – деді С. Әбденов. 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті