Практикалық сабаққа қатысты

Қауіпсіздік
28.11.2025, 08:46
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда қауіпті жүктердің қоршаған ортаға зиян келтіруінің алдын алудың маңызы зор. Соған сәйкес қараша айында еліміздің барлық аумағында «Қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған жылжымалы құрамды техникалық бақылау» атты айлық жүріп жатыр.

Атырау вагон пайдалану депосында осы тақырыпта станция мамандарымен бірлескен практикалық сабақ өтті. Оған Атырау, Ақжайық, Махамбет, Теңдік, Қарабатан станцияларындағы өндірістік-техникалық қызмет көрсету (ӨТҚК) пункттерінің басшылары, нұсқаушы, техникалық оқыту шеберлері, слесарь-жөндеуші, аға вагон қараушылар, инженер-технологтары, барлығы 20-ға тарта адам қатысты. Әрине салмақ та, жауапкершілік те алдымен вагон қараушыларға түседі.  

Теориялық сабақ барысында жылжымалы құрамның қауіпті заттарды тасымалдауын пайдалану бойынша нұсқаулықтар, пойызды жүріп бара жатқанда басқару, станцияларда вагондарды толықтай тексеріп шығу, стандартты емес жағдайларда вагоншылардың әрекеті қандай болуы керек деген сынды мәселелер айтылып, түсіндірілді.  

Ал практикалық сабақ барысында депоның бас инженері Рашид Мұсабаев вагон-цистерна макеті жанында одан сұйықтық аққан кезде қалай әрекет ету керектігін көрнекті түрде көрсетіп, түсіндірді. «Вагон-цистернадан сұйықтық аққан жағдайда жоғарғы қақпақты ашып, штангаға ұшқын шығармайтын бұранда-ашқыш салып бұрап ағуды тыйып тастау керек. Содан соң тыйылғанына әбден көз жеткізген соң әрі қарай станцияға жіберуге болады. Осы жұмысты вагон қараушылар станция жұмысшыларымен бірлесе жасады, болғаннан соң жүк рейкамен өлшеніп, пломба салынып, акт форма ГУ-23 жасалады» дейді ол сабаққа қатысушыларға түсіндіру сәтінде.  

Практикалық сабақ барысында вагон қараушылардың өздері де макетті пайдаланып бұранданы бекітуді қайталап жасап көрді. Бас инженер Р.Мұсабаевтың айтуынша, осындай бірлескен техникалық оқу үнемі өткізіліп отырады және ол өте керек нәрсе. Өйткені мұндай практикалық сабақ ақауды тезірек тауып, бірлесе әрекет етуге жұмылдырады.  

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл