Қауіпсіздікті күшейтуге күш салудамыз

Сұхбат
28.11.2025, 09:36
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе ЖТ бөлімшесінің бас инженері Жасұлан Рсқалиевпен сұхбатымыз өңірдегі жүк айналымы, өндірістік көрсеткіштер және қауіпсіздіктің қамтамасыз етілу деңгейі, тағы басқа да бағытта өрбіді.

Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі Қостанаймен Әйтеке би станциясы арқылы, Орал бағытында – Семиглавый Мар, Орскі – Кемпірсай, Атырау облысымен – Сағыз станциясы, Маңғыстаумен – Тассай станциясы, ал Қызылорда облысымен Сексеуіл станциясы арқылы түйіседі. Осындай кең ауқымды теміржол байланысы Ақтөбе ЖТ бөлімшесін жүк және жолаушылар тасымалының қайнаған нүктесіне айналдырып отыр.  

– Жасұлан Шамғонұлы, 1833 шақырымға созылған Ақтөбе теміржолында қозғалыс қауіпсіздігін нығайту бағытында қандай жұмыстар атқарылуда?  

– Әрине, темір жолда қауіпсіздік – ең басты талап, қасиетті міндет. 2025 жылы Ақтөбе бөлімшесінде қозғалыс қауіпсіздігіне қатысты жұмыстар күшейтілді. Жоспардан тыс тексерулер, цифрлы бақылау жүйелері теміржол торабының жұмысын едәуір күшейтуге бағытталған. Биыл бөлімше бойынша қозғалыс қауіпсіздігіне қатысты 6 факт тіркелді. Бұл нақты үш оқиғаға сәйкес келеді. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда төмендегенімен (2024 жылы – 9 факт), келеңсіз жайттарды толық жою бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Локомотив шаруашылығында да қауіпсіздік талаптары сақталмаған жағдайлар болды.  

Осы оқиғалардан кейін бөлімше наурыз-сәуір айларында ерекше режимге көшіп, бақылау күшейтілді. Кезектен тыс тексерістер ұйымдастырылып, техникалық сабақтар белсенді форматта өткізілді.  

Біз қозғалыс қауіпсіздігін арттыру бағытындағы шараларды үнемі жетілдірумен айналысамыз, қауіпсіздік талаптарын күшейтуге барынша күш салудамыз.  

– Жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша нақты қолға алынған шаралар қандай? Қауіпсіздікті арттыруда жаңа технологиялардың рөлі ше?  

– Қозғалыс қауіпсіздігін арттыру бағытында қолданылып жатқан заманауи технологиялар жоқ емес, бар. Соның бірі – тежегіш табандарды цифрлы қадағалау жобасы. Бұл бастама Ақтөбе станциясында пилоттық режимде іске қосылды. Жаңа жүйе бойынша тежегіш табандарға цифрлық таңба орнатылады. Арнайы жәшікке белгіленген 25 тежегіш табан тіркеліп, олардың қайда тұрғаны, алынғаны немесе алынбағаны туралы ақпарат автоматты түрде кезекшілердің компьютерінде көрінеді. Жоба жергілікті мамандардың бастамасымен әзірленіп, тамаша тиімділік көрсетіп отыр. Егер нәтижесі оң бағаланса, 2026 жылы бұл жүйені еліміздің өзге өңірлеріне енгізу жоспарланған.  

Бұдан бөлек, жүк тасымалы кезіндегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында да жобалар қолға алынған. 2023 жылы Орал станциясында пойыз құрастырушысы қаза тапқаннан кейін қауіпсіздік шаралары күшейтілді. 2024 жылы габаритті емес жүктер аймағына арналған арнайы индикациялық жүйе енгізілді. Бұл жоба жүк тасымалы саласындағы «үздік өнертапқыштық шешім» ретінде танылып отыр. Вагон шаруашылығында да жаңа жобалар әзірленуде. Қазіргі таңда оларды өндіріске енгізу бағытында пысықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондықтан ол туралы айтуға әлі ерте.  

– Бөлімшедегі жүк тасымалының биылғы көрсеткіші қандай?  

– Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы көлемі жылдан жылға артып келеді. Қазіргі таңда жүктің саны мен сапасы бойынша жоспар толық орындалып отыр. Жүк тиеу мен түсіру жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілуде. Нақтыласақ, 2025 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығындағы эксплуатациялық көрсеткіштер бойынша Ақтөбе бөлімшесі жоспарлы межеден асып түсті. Жүк айналымы 21 180,1 млн тонна-км нетто деп жоспарланса, нақты орындалғаны – 23 599,8 млн тонна-км. Бұл жоспардың 103,3% орындалғанын көрсетеді. Ал 10 ай ішіндегі жүк тиеу көрсеткіші 102,3%-ға орындалды. Жалпы жүктің 94%-ы Қазақстан аумағындағы кәсіпорындарға тиесілі, ал 6% шетелге жіберілген.  

Жалпы, өңірдің географиялық орналасуы теміржол арқылы құрылыс материалдарын тасымалдауға қолайлы. Мәселен, Бершүгір мен Мұғалжар таула рынан өндірілетін қиыршық тас еліміздің әр аймағына жөнелтіледі. Сонымен қатар Жем қаласындағы алтын кен орны мен Ембідегі Құндыз кенішінен алынған кен рудалары Кемпірсайда өңделіп, экспортқа шығарылады. Сонымен қатар Қазақстандағы жалғыз рельс зауыты да бізде. Жіңішке станциясы арқылы рельс өнімдері ел аумағына және экспортқа жөнелтіліп, шетелдік нарыққа да экспортталуда. Ақтөбеде өндірілетін рельстер ішкі нарықты толық қамтамасыз етіп отыр. Заманауи технологиямен жасалған рельстер сағатына 120 км жылдамдыққа төтеп бере алатын жоғары сапалы. Сондықтан жоғары жылдамдықтағы магистральдар үшін Ақтөбеден шыққан рельстер қолданылуда. Олардың сапасы Қазақстанның түрлі климаттық жағдайына төзімділігімен ерекшеленеді. Қысқасы, Ақтөбе өңірі рельс және құрылыс жүктерін тасымалдауда жетекші аймаққа айналып отыр.  

– Өңірде теміржолмен байланысты халықаралық инвестиция тартылған жобалар бар ма?  

– Аймақтағы өндірістік жобалардың бірі – Coca-Cola зауыты. Қазіргі уақытта оның құрылысы 41-разъезд аймағындағы экономикалық аймақта басталды. Қараша айында бұл жоба бойынша ҚР Премьер-министрмен, «ҚТЖ» ҰК» АҚ және жоба басшыларымен кездесу өтті. Жоба аясында шетелдік инвестициялар тартылып, зауыттың жүк тасымалы толықтай теміржол арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ 41-разъезд станциясында шыны зауытының құрылысы да жоспарланып отыр. Бұл жобалар алдағы уақытта теміржол инфрақұрылымына жүктемені арттырмақ.  

– Әңгімеңізге рахмет!  

 

Әлемде
12.05.2026
Лондон мен Швейцария арасында тікелей пойыз қатынайтын болады
Аймақтар
12.05.2026
Маңғыстау теміржолының аңызы – Жолдас Жетібай туралы бір үзік сыр
Жаңалықтар
12.05.2026
Теміржолшылар бейнесі ҚТЖ-ның LED-экранында
Аймақтар
12.05.2026
Шиелі станциясының жұмысы жаңа деңгейге шықты
Жолаушылар тасымалы
12.05.2026
Қарағанды – Балқаш бағытында қосымша пойыздар шығады
Әлемде
12.05.2026
Stadler компаниясы Дублин - Белфаст бағыты үшін гибридті пойыздар шығарады
Инфрақұрылым
11.05.2026
Түркістан облысында ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының жүзеге асырылу барысы тексерілді
Жаңалықтар
09.05.2026
Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтың Отан қорғаушы күні және Жеңіс күні мерекелеріне орай құттықтауы
Жаңалықтар
09.05.2026
Көлік министрлігінде вокзалдарды жаңғырту бойынша өңірлер мен ҚТЖ есебі тыңдалды
Жолаушылар тасымалы
09.05.2026
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Жүк тасымалы
08.05.2026
Алғаш рет Орта дәліз бойынша кері жүктеу ұйымдастырылды: Контейнерлік пойыз Түркиядан Қазақстан арқылы Қытайға жөнелтілді.
Аймақтар
08.05.2026
Өскемендік теміржолшылар 101 жастағы ардагер Александра Саратовцеваны құттықтады
Аймақтар
08.05.2026
Майдангер Иван Макеевке құрмет көрсетілді
Аймақтар
08.05.2026
Маңғыстауда тыл ардагері Нұрғали Төлеповке ескерткіш тақта ашылды
Жаңалықтар
08.05.2026
Талғат Алдыбергенов 100 жастағы ардагер-теміржолшыны Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтады
Жаңалықтар
08.05.2026
Теміржол вокзалындағы тәртіп сақшысы
Әлемде
08.05.2026
Ташкент вагон жасау зауыты биыл Ресейге 42 жолаушы вагонын жеткізуді жоспарлап отыр
Әлемде
08.05.2026
Қытайдан Ауғанстанға жаңа контейнерлік бағыт іске қосылды
Жаңалықтар
07.05.2026
Талғат Алдыбергенов Ерейментау вокзалы құрылысының барысын тексерді
Жаңалықтар
06.05.2026
Ұрпақтар байланысы: ҚТЖ ардагерлері немерелерімен Отан қорғаушыларды еске алды