Теміржолдағы машинажасау саласы бойынша Қазақстан-Швейцария бірлескен кәсіпорыны құрылуы мүмкін

Жаңалықтар
03.12.2021, 09:54
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Алдағы уақытта елімізде қазақстандық-швейцарлық жаңа кәсіпорын пайда болып, теміржол машинажасау саласында жұмысын бастайды деген сенім бар. Бірлескен өндірісті іске қосуға екі елдің бизнес өкілдері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Швейцарияға ресми жұмыс сапары барысында уағдаласты. «Кездесуде Мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ги Пармелан шағын және кеңейтілген форматта жүздесіп, әңгімелесулер өткізді», деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі. ҚР Президенті елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық реформалар туралы әңгімелеп, Ынтымақтастық перспективалары туралы сөз қозғаған. Тоқаев Конфедерацияны Еуропадағы маңызды саяси және экономикалық әріптес ретінде қарастыра отырып, Қазақстан-Швейцария қатынастарын дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті. Соңғы 15 жыл ішінде еліміздің экономикасына 26 миллиард швейцарлық франк салынса, Швейцарияға салынған қазақстандық инвестициялар көлемі 775 миллионнан асқан. Ал өткен жылы екі ел арасында миллиардтан астам долларға сауда жасалған. Сауда-саттықты дамытуға әлеует бар екенін алға тартқан тараптар ынтымақтастықты нығайтуға келісті. Бұған жаңа үкіметаралық және коммерциялық келісімдер дәлел болмақ. Мәселен, Қазақстанның машина жасаушылар одағы «АMMANN» компаниясымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Қазақстанның машина жасаушылар одағының басшысы Мейрам Пішембаев бірлескен қызметтің негізгі бағыттары Қазақстанның машина жасау саласына инвестициялар тарту екенін атап өтті.

«Бұл тығыз коммерциялық байланыстарды дамытуға негіз болып, екі ел арасындағы инвестициялар мен сауда айналымын арттырады. AMMAN – жол-құрылыс техникасы нарығындағы аса ірі компания. Бұл Қазақстанның дамып келе жатқан транзиттік әлеуеті үшін өте маңызды», – деді ол. Қазақстан нарығына кіріп отырған екінші компания – Stadler. Ол жолаушылар вагондарын өндірудің әлемдік көшбасшысы болып табылады. «Stadler компаниясымен бірлесе отырып, жолаушылар вагондарын шығару бізге құзыреттер алуға, инвестициялар және жаңа технологиялар тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар локализациялау өндірісінің өрісі кеңейеді», – дейді Мейрам Пішембаев.
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті