ҚТЖ-ның «Топжарған: Жаңа күш» бағдарламасына кезекті мамандар легі жиналды

Жаңалықтар
15.12.2021, 11:18
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ұлттық компанияның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған «Топжарған: Жаңа күш» бағдарламасы биыл тәуелсіздік мерекесі қарсаңында үшінші рет өткізілді. Республиканың түкпір-түкпірінен жиналған сала қызметкерлері елорда төрінде бас қосып, компания үшін маңызды міндеттерді жүзеге асыруға қажет машықтарды үйренді. Жоба бағдарламасында қазіргі заманға лайық ой-танымды қайта жаңғырту, жасампаздық және ниеттестікті қалыптастыру, ішкі коммуникацияны, корпоративтік мәдениетті дамыту, корпоративтік құндылықтарды қабылдап, соған бейімделу сынды мақсаттар көзделеді. Бағдарлама барысында түрлі заманауи машықтарға үйретушілер – ҚТЖ өкілдері емес, әр салада коуч болып жүрген халықаралық және қазақстандық психолог, тренерлер. Бірақ олар бағдарламаны теміржолға икемдеп, қатысушыларға бағдарлама мақсатына сай білім беруге тырысып бақты. Компанияның оқу орталығында өткен жобаның үш күндік сессияларына 450 адам қатысты. Әр күніне 150 адамнан бөлінген олар сессияларды өткізу кезінде 10 топқа бірігіп, тапсырмаларды орындады. Әр топ өзара бәсекелестікпен бірінен бірі озуға тырысты. Қатысушылар өз топтарын «Жұмбақ белгілер» атты алғашқы бөлімде таныстырды. Бұл жерде олардың креативті ойлау қабілеттері қаншалықты деңгейде екені байқалды. Арасында ұйымдастырушылар залдағыларға «Уақыт желісі» атты жаттықтырумен бой сергітті. Бірегей жоба барысында қатысушылардан ұялы телефондары арқылы menti.com сайтына кіріп, «Сіз үшін ЖАҚСЫ құндылығы деген не?» сауалнамаға қатысу сұралды. Сессияларда «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның ұстанатын корпоративтік құндылығы – ЖАҚСЫ, яғни жауапкершілік, абырой, қауіпсіздік, саналы озаттық, ынтымақтастық құндылықтары насихатталып, барлық тапсырмалар солардың аясында құрылды. Жоба аясында келесі тапсырма бойынша топтардың әрқайсысына 15 карточкадан беріліп, сол карточканың бесеуіне Қазақстан теміржолының өткен кезеңіндегі қуанышты және келеңсіз жайттар, тағы бір бесеуіне қазіргі жақсы және жаман тұстар және соңғы бесеуіне алдан күтетін сын-қатерлер туралы жазу тапсырылды. Сессиялардың екінші, үшінші күндерінде де «Компаниядағы қауіпсіздік мәдениетін дамытудың негізгі трендтері», «Компания туралы кейстер», «Қауіпсіздіктің 5 негізгі қатері мен шешімі», «Корпоративтік мәдениет пен құндылықтар бойынша топтық жұмыстарды қорғау» тақырыптарында тапсырмалар берілді. Жалпы жоба 2021 жылдың желтоқсаны мен 2022 жылдың наурызы аралығында өткізіліп, осы аралықта 1500 теміржолшы қамтылмақ. Келесі сессияға бөлімшелердің бірінші басшылары қатысады деп көзделуде.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті