Елімізде «STADLER» заманауи вагондары шығарылмақ

Жаңалықтар
29.03.2022, 10:50
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Елорда іргесіндегі индустриалдық паркте орналасқан «Тұлпар» зауытынан шыққан, көпшілікке тальго деген атпен танымал вагондар бүгінде жүрдек пойыздар құрамында еліміздің түкпір-түкпіріне қатынап жүр. Енді отандық зауыт базасында жолаушылар вагондарының өндірісі қайта жанданып, жаңа еуропалық технологиямен шығарыла бастамақ.

Бұл жолы «DB Engineering&Consulting» ұсыныстары негізінде халықаралық байқаудың нәтижесі бойынша швейцариялық «StadlerBussnang AG» компаниясы топ жарып, Қазақстанда жолаушылар вагондарын шығару жобасы бойынша серіктес деп танылып отыр.

Осы мәселеге қатысты Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен бірлесе отырып, «Stadler» компаниясымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады. «Stadler» компаниясына келсек, ол жылжымалы құрам шығарумен 80 жылдан астам уақыт айналысады. Осы ретте, Stadler вагондарының бірқатар артықшылықтарын атап өткен жөн болар. Біріншіден, вагондарды пайдалану мерзімі 40 жылды құраса, екіншіден, еуропалық сапа стандартына сай, сондай-ақ, заманауи дизайн, оқшаулау деңгейі және жаңа технологиялар трансферті тағы бар. Мамандар, әсіресе, вагондардың отын багы көлемінің сыйымдылығы басқа өндірушілермен салыстырғанда жолаушылар пойызының құрамына автономды режимде әлдеқайда ұзақ жұмыс істеуге мүмкіндік беретінін айтып отыр. Жалпы алғанда, вагондардың техникалық сипаттамасы оларды жөндеудің жоспарлы түрлеріне ұзақ уақыт жұмсамай, яғни ағытпай-ақ жөндеу жүргізе беруге болатынын көрсетіп отыр. Құрамдар өз кезегінде үздіксіз тасымалдау процесін қамтамасыз етеді деген сөз.

Атап өтерлігі, елімізде швейцариялық вагондар өндірісін ұйымдастыру үшін жергілікті «Тұлпар» зауыты қызметкерлерінің Stadler зауыттарында біліктілігін шыңдауы жоспарланған. Бүгінгі таңда «ҚТЖ» ұлттық компаниясы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қатысуымен қаржыландыру мәселесін пысықтап, валюталық тәуекелдерді азайту бойынша келіссөздер жүргізуде.

Еске сала кетсек, өткен жылдың қараша айында Женевада Қазақстан мен Швейцария президенттерінің қатысуымен инвестициялық дөңгелек үстел өтіп, оның аясында түрлі салаларда бірқатар коммерциялық келісімге қол қойылған болатын. Олардың қатарында «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Stadler арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім де бар.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты