Алматыдағы кейбір мектеп оқушыларына қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

Жаңалықтар
29.03.2022, 11:15
Қазақстан теміржолшысы

Темір жол қашаннан аса қауіпті аймақ саналады. Себебі, мыңдаған тонна жүк тиеп алып жүйткіп келе жатқан пойыздың жолына шығу ешкімге де жақсылық әкелмейді. Өкінішке орай, соңғы кезде қауіп-қатерді ескермеу салдарынан опық жегендер қатары көбейіп отыр...

Халықтың барлық тобы үшін ыңғайлы және қолжетімді көлік болған соң пойызды пайдаланушылар қатары керісінше өсе түскен. Соған орай ҚТЖ басшылығы жол табанын сауықтырып, жылдамдығы жоғары жолаушы пойыздарын шығарып, сервисті арттыруға ден қоюда.

Бірақ, темір жол көлігі жылдамдығының артуы жүк тасымалдаушылар мен жолаушылар үшін тиімді болғанымен, жолға шығып кететін төрт түлік мал мен кездейсоқ адамдар үлкен кедергі келтіріп, теміржолшылардың есіл еңбегін зая кетіріп жатқаны да жасырын емес. Ең басты қиындық адамдардың немқұрайлылығы мен жауапсыздығы болып отыр. Ата-ананың бақылауын сезінбеген балалар қауіпті аймақты ойын алаңына айналдыруда. Тіпті вагон үстіне шығам деп бірнеше жасөспірім мерт болғанын неге ұмытамыз...

Жүріп келе жатқан пойыз машина емес, шұғыл тежегіш бергенмен созылып барып жарты шақырым, бір шақырым дегенде әрең тоқтайды. Жылдамдығы 100-120 км/сағ жүріп келе жатқан пойыз секундына 30 метр жерді жүріп өтетінін ескерсек, жолаушының жолды кесіп өтуіне 5-6 секундтай уақыт кетеді.

Бір қарағанда, станция жолында тұрған вагондар қауіп төндірмейтін сияқты, бірақ оларға 5 метрден кем арақашықтыққа жақындауға, астынан өтуге болмайды. Өйткені станцияда тұрған әрбір вагон жұмыс үстінде тұр деп есептеледі, ол кез келген се- кундта қозғалысқа түсуі мүмкін. Әсіресе қарама-қарсы бағытталған жылжымалы құрамның арасында қалып қою өте қауіпті, өйткені, бір-біріне қарсы бағытта қозғалған пойыздар тудырған ауа ағыны 16 тоннаны құрайды, ал мұндай жүктеме адамды пойыз астына еріксіз тартып әкетеді...

Жуырда Алматы-2 станциясының бас инженері Бауыржан Шормақов, қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша жетекші маман, инженер-технолог Әйгерім Кушукова және әскерилендірілген күзет пен желілік полиция өкілдерінің қатысуымен өткен кезекті рейд аясында жақын маңдағы мектептерді аралап, оқушылармен түсінік жұмыстары жүргізілді. Жасөспірімдерге теміржолдағы қауіпті аймақта құлаққап тағып жүруге мүлдем болмайтыны, ең бастысы, темір жолды арнайы белгіленген орындардан ғана өту керектігі, көпір жоқ жерлерде жолды кесіп өтуге арнайы төсемелерді пайдалануға болатыны тағы да ескертілді. Жауапсыздық жарға жығатынын ұмытпайық.

Жаслан БЕКЕШЕВ,

Қозғалыс қауіпсіздігі бас маманы, Алматы-2 станциясы

Әлеумет
23.06.2026
Ұжымдық шарт игілігі: Теміржолшылар демалыс кезінде шипажайларға жеңілдікпен жолдама алады
Аймақтар
23.06.2026
Сыр өңірінде жүк тасымалы жаңа деңгейге көтерілді
ҚТЖ келбеті
23.06.2026
Семейлік инженер халықаралық тәжірибе жинақтады
Станция тынысы
23.06.2026
Махаббат станциясы
Спорт
23.06.2026
Қызылордалық теміржолшылар ракетка шеберлерін анықтады
Спорт
23.06.2026
Жамбылдық теміржолшылар бильярдтан Кәсіподақ кубогін сарапқа салды
Жаңалықтар / Мұрағат
23.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №48 23 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
22.06.2026
Қазақстанның көлік саласына инвестициялар
Жаңалықтар
22.06.2026
Брюссельде Еуропа мен Азия арасындағы негізгі маршруттың болашағы талқылануда
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚМГ мен ҚТЖ мұнай өнімдерінің логистикасына цифрлық бақылау енгізді
Инфрақұрылым
22.06.2026
Талдықорған теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚТЖ халықаралық көлік дәліздері үшін LTE-R бірыңғай цифрлық желісін құрады
Қауіпсіздік
22.06.2026
Теміржолшылар төтенше жағдайға қаншалықты дайын?
ҚТЖ келбеті
22.06.2026
Түлкібастық инженердің жобасы миллиондаған қаражатты үнемдеді
Жүк тасымалы / Апта саны / Инфографика
22.06.2026
ҚТЖ желісімен 130 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Инфрақұрылым
22.06.2026
Ақтөбе вокзалы мерзімінен бұрын, тамыз айында пайдалануға берілмек
Әлемде
22.06.2026
ЕҚДБ Өзбекстан темір жолын цифрландыруға 38,4 млн еуро бөледі
Жаңалықтар
21.06.2026
Жолаушылар пойызының машинисі бес жасар баланы басудың алдын алды
Жаңалықтар
20.06.2026
Алатау қаласында жаңа автокөлік көпірі пайдалануға берілді
Жолаушылар тасымалы
20.06.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ билет құнын есептеудің жаңа жүйесін енгізеді