Өткелдерде жиілеп кеткен пойыз бен автөкөлік соқтығыстарын азайту мәселесі Шуда талқыланды

Жаңалықтар
05.04.2022, 09:28
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Шу қаласында «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы», «Жолдарды диагностикалау орталығы» филиалдары және Жамбыл жол бөлімшесінің басшылары мен өңірлік қозғалыс қауіпсіздігі ревизорлары қатысқан семинар өтті. Теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігіне арналған жиында өткелдердегі жол-көлік оқиғаларын азайту, сондай-ақ түйіспесіз жолды дамыту мүмкіндіктері талқыланды.

Бүгінде магистраль желісінде мыңнан астам теміржол өткелі бар, 459 өткел арнайы кезекшілер күзетімен қамтамасыз етілген, ал жартысынан астамына автоматты түрде іске қосылатын шлагбаумдар орнатылған.

Қазақстанда автокөліктер жылдан-жылға артып келеді, қазірдің өзінде 4,5 млн астам автокөлік құралдары бар, ал жекелеген өткелдерде автомобильдердің қарқынды қозғалысы тәулігіне 3,5 мың бірлікті құрайды екен. Өткен жылы өткелдерде 26 жол-көлік оқиғасы болып, бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда екі есеге өскен. Қозғалыс қауіпсіздігі алға тартқан мәліметтерге сүйенсек, 2015-2022 жылдар аралығында өткелдерде 402 жол-көлік оқиғасы болып, соның салдарынан 143 адам қаза тапса, 460 жуық адам әртүрлі дәрежеде жарақат алған. Мамандар, көп жағдайда, көлік жүргізушілері өткел сигнализациясының тыйым салған белгісіне назар аудармай, жол ережесін жиі бұзатынын айтып отыр.

– Теміржол өткелдерінде апатты жағдайларды азайтудың сенімді және тиімді жолы ретінде, оларды жауып, автокөлік ағынын өтпежолға қайта бағыттау ұсынылуда. Алайда, қазіргі қолданыстағы көлік инфрақұрылымы мұндай өтпежолдарды толық көлемде қамтамасыз ете алмай отыр, себебі, оларды салуға жергілікті атқарушы органдар бюджетінен қомақты қаржы керек. Осыған байланысты компанияның теміржол өткелдерінде қозғалыс қауіпсіздігі түрлі алдын алу және профилактикалық жұмыстарды жүргізу арқылы қамтамасыз етілуде. Алайда, жүргізіліп жатқан шараларға қарамастан жағдай мәз емес. Мәселені теміржол, әкімдік және көлік жүргізушілері күш біріктіре отырып, шешуіміз керек, – дейді Қозғалыс қауіпсіздігі департаменті директорының орынбасары Ниязбек Жаңабаев.

Теміржол өткелдерінде қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін ҚТЖ компаниясы перспективалы техникалық шешімдер енгізіп отыр. Мәселен, өткелдерге резеңкелі техникалық төсемдер төселуде, бұл өз кезегінде автокөлік құралдарының өткелдер арқылы өту жылдамдығын шапшаңдатады. Сондай-ақ, пойыздар келе жатқанда автокөліктің өтуіне кедергі болатын, автоматты бөгеу құрылғылары орнатылуда.

Семинарға қатысушылар түйіспесіз жолды қолдану жағдайындағы қозғалыс қауіпсіздігі мәселесін де талқыға салды. Бірауыздан түйіспесіз жолдар төсеу полигонын кеңейту керек деген пікірді қолдады, өйткені, оның бунақ жолдармен салыстырғанда артықшылығы көп. Біріншіден, пойыздардың жүрісі жұмсақ болып келеді, екіншіден, түйіспесіз жолдардың ағымдық күтіміне кететін пайдалану шығындары қысқарады, ал бұл өз кезегінде электрлі рельс тізбектерінің бұзылуы мен қауіпті ақаулықтар бойынша рельс жұмысында болатын істен шығу қауіптерін едәуір қысқартады. Десек те, ерсілі-қарсылы тоқтаусыз жүріп жататын пойыздардың рельске әсері, температуралық күш-қуаты және табиғи факторлар, түйіспесіз жолдардың әрқашан жарамды күйде болуы үшін үнемі күтімде болуын қажет етеді. Бүгінде елімізде түйіспесіз жолдардың ұзындығы 15,3 мың шақырымды немесе жалпы теміржолдар ұзындығының 70% құрайды.

Семинарға қатысушылар заманауи өткел құралдарының жұмыс тәсілдерімен және түйіспесіз жолдарда түрлі рельс бекітпелерін орната отырып, жол жұмыстары өндірісінің технологиясымен танысу үшін Шу-Жамбыл телімі бойындағы Шу-Аспара аралығына барды. Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі өңірлік ревизорлар PENDROL, ЖБР, КБ, ФОССЛО, КПП-5 сынды рельс бекітпелері орнатылған түйіспесіз жолдарға күтім жасау кезінде олардың жағымды және жағымсыз әсерлері туралы әңгімеледі.

Жолдарды диагностикалау орталығы МДК мобильді диагностикалық вагондарды және КАПС-БП түйіспесіз жолдардың істен шығу алдындағы жай-күйін программалық қамтамасыз етуді қолдана отырып, жолдарды диагностикалау және автоматты бақылау ерекшеліктерін таныстырды. Ал Магистральдық желі дирекциясы мен Жол және құрылыстар департаментінің мамандары өз кезегінде МДК вагондары анықтаған 3,4 дәрежелі жол ауытқушылығын жоюды бақылау тәсілдерімен бөлісті.

Аймақтар
29.06.2026
Үш өңірде қайта құрудан кейін бес теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
29.06.2026
ҚТЖ мен Wabtec Ақтөбе облысында заманауи өнер мектебін салып жатыр
Әлемде
29.06.2026
Израильдегі теміржол құрылысы кезінде 1700 жылдық Рим мүсіндері табылды
Жаңалықтар
29.06.2026
Жолаушылардың тыныштығы – басты назарда
Аймақтар
28.06.2026
Қазалы теміржол вокзалында ғимаратты қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.06.2026
Қызылорда облысында екі вокзал мен жолаушылар платформасы жаңартылды
Аймақтар
27.06.2026
Тайынша теміржол вокзалында ғимаратты қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.06.2026
Риддер және Шемонаиха станцияларында теміржол вокзалдары жөндеуден кейін қайта ашылды
Аймақтар
26.06.2026
Жаңаесіл және Саумалкөл теміржол вокзалдары қайта жөндеуден кейін ашылды
Жаңалықтар
26.06.2026
Шу және Есіл деполарының локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде соқтығысудың алдын алды
Жаңалықтар
26.06.2026
«KAZLOGISTICS» бас директоры Шанхайдағы халықаралық форумда елдің көлік әлеуетін таныстырды
Станция тынысы
26.06.2026
Соңғы станцияның жүгі ауыр
Темір жол тарихы
26.06.2026
Теміржолдың жырын жырлап, мұңын мұңдаған қаламгер
Жаңалықтар
26.06.2026
Ляньюньган қаласының делегациясы Ақтау портына барды
Жолаушылар тасымалы
26.06.2026
Төрт Тальго пойызында вагон-мейрамхана қызметі іске қосылды
Аймақтар
26.06.2026
Атырау облысында бес вокзал дайын
Аймақтар
26.06.2026
Күрделі жөндеу – кәсібилер қолында
Цифрландыру
26.06.2026
Сандық жүйенің жемісі
Инфрақұрылым
26.06.2026
Қазақстандық және өзбек теміржолшылары түйіспесіз жолды ұстап тұру тәжірибесімен алмасты
Жаңалықтар / Мұрағат
26.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №49 26 маусым 2026 жыл