«Жолаушылар тасымалы» АҚ багаж тасымалын цифрландыру бойынша пилоттық жобаны сынақтан өткізіп жатыр

Жолаушылар тасымалы
30.05.2026, 16:00
Оқуға 1 мин

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2026 жылғы 22 мамырдан бастап багаж және жүк-багажды рәсімдеу мен сүйемелдеу процестерін цифрландыруға арналған пилоттық жобаны сынақтан өткізіп жатыр. Жоба №9/10 «Нұрлы жол – Алматы-2» пойызы бағытында іске асырылуда. Сынақ жұмыстары Нұрлы жол, Қарағанды және Алматы-2 станцияларындағы багаж бөлімшелерін қамтиды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жаңа цифрлық жүйе багаж және жүк-багажға қатысты операциялардың ашықтығын арттыруға, есеп жүргізуді жеңілдетуге және тасымалды рәсімдеу кезінде адами факторды барынша азайтуға бағытталған. Жүйе жөнелтімді қабылдаудан бастап, бағыт бойымен сүйемелдеуге дейінгі барлық процесті бірыңғай цифрлық тәртіпке келтіреді.

Платформа станция операторы арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар WMS, яғни қойма процестерін басқару жүйесі негізінде өзіне-өзі қызмет көрсету тәсілдері де қарастырылған.

Айта кетейік, бұл цифрлық шешімді Astana IT University студенттері «Жолаушылар тасымалы» АҚ-мен дуалды оқыту бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық негізінде әзірледі. Жоба барысында студенттер нақты өндірістік міндеттерді шешуге қатысып, алған білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік алды.

Алдағы уақытта «Жолаушылар тасымалы» АҚ бұл цифрлық шешімді барлық багаж бөлімшелеріне кезең-кезеңімен енгізуді жоспарлап отыр.

 

Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты