Бес миллионыншы жолаушыны «Нұрлы жол» вокзалында қарсы алды

Жаңалықтар
02.06.2026, 09:00

2026 жылғы бес миллионыншы жолаушыны елордалық «Нұрлы жол» теміржол вокзалында салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Мерейтойлық билет әжесімен бірге Алматыдан Астанаға №9/10 пойызбен сапар шеккен 12 жасар Келдібек Нұрдәулет үшін сатып алынған.

Салтанатты жағдайда пойыз бастығы бес миллионыншы жолаушыны құттықтап, оған жеміс себетін, iPad гаджетін және сымсыз құлаққапты табыстады. Жас жолаушы мен оның әжесі Ұлттық тасымалдаушының мұндай назар таңытуына таң қалды.

- Бұл біз үшін нағыз тосын сый болды. Бұндай жылы қабылдауды күткен жоқпыз. Біз әрқашан сіздердің пойыздарыңызды саяхаттау үшін таңдаймыз. «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылығы мен ұжымына зейіні, қамқорлығы және керемет сыйлықтары үшін алғыс айтамыз», - деп атап өтті жолаушы әжесі.

Айта кету керек, бес миллионыншы жолаушы жол жүру құжаттарын есепке алу және ресімдеу жүйесінің көмегімен автоматты түрде анықталды.

Ұлттық тасымалдаушы жыл сайын «Kaztechnology» ЖШС серіктесімен бірге мерейлі  сандық жолаушыларды құттықтап, оларға естелік сыйлықтар табыстайды. Бұл компанияның жақсы дәстүріне айналды.

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға