ҚТЖ ұйымдастырған мерекеге 5000 бала қатысты

Әлеумет
01.06.2026, 17:41
Оқуға 3 мин

1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ғимаратында өткен ауқымды мерекелік қойылымға 5 мыңнан астам бала қатысты, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Мерекеге орайластырылған іс – шаралар – бұл ҚТЖ жүйелі әлеуметтік саясатының бір бөлігі ғана. Қызметкерлердің отбасыларына қолдау көрсету, таланттарды дамыту және станциялар мен желілік кәсіпорындардағы балаларға қамқорлық жасауды компания «Әр бала маңызды, әр станция жақын!» ұранымен тұрақты негізде жүргізіліп келеді.

Өңірлердегі дарынды балаларды ынталандыру – ҚТЖ басымдықтарының бірі. Желілік және өңірлік бөлімшелер қызметкерлерінің көп балалы отбасыларынан (4 және одан да көп балалары) 13 жасқа дейінгі балаларға ерекше көңіл бөлінеді. Спорт, шығармашылық және ғылым бойынша республикалық және халықаралық турнирлердің жүлдегерлері мен жеңімпаздары атанған жас таланттар биыл қолдау көрді. Мереке құрметіне ҚТЖ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов теміржолшы ата-аналарға алғыс хаттар мен балаларға робототехника, спорт және ғылым саласындағы дағдыларын дамыту үшін пайдалы сыйлықтар жолдады.

Сонымен қатар, «Теміржол балалардың көзімен» байқауы өткізілді. Мереке қарсаңында компания 6 жастан 13 жасқа дейінгі балалар арасында ауқымды шығармашылық шығармалар мен бейнероликтер байқауын қорытындылады. Қатысушылар жолдардағы қауіпсіздік, болашақ пойыздар және ұрпақтар сабақтастығы  туралы талқылады. 

Армандар орындалады: ҚТЖ теміржол жас жанкүйерлерінің тілектерін қалай орындайды

ҚТЖ қамқорлығы ішкі корпоративтік бағдарламалар шеңберінен шығуда. «Нұрлы жол» вокзалында тұратын және күн сайын әжесімен бірге пойыздарды қарсы алып, шығарып салатын 6 жасар Әнуар Әбсаттаровтың оқиғасы соған мысал бола алады. Оның отбасы саламен байланысты болмаса да, бала локомотивтер құрылымы мен теміржол белгілерін өз бетінше зерттейді. Темір жолға деген шынайы құштарлығы үшін Талғат Алдыбергенов жас білгірге сыйлық табыс етті, ал компания Әнуарға локомотив кабинасында сапарлауды ұйымдастырды. 

Сондай – ақ, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС темір жол көлігіне деген құмарлығы басым, локомотивтерді өз бетінше зерттеп, машинист болуды армандайтын Ақтөбенің 11 жастағы тұрғыны Әмір Жанғалиевтің арманын орындады. Жас қонаққа локомотив депосы бойынша жеке экскурсия ұйымдастырылып, оның барысында бала өндірістік цехтарға барды, техникаға қызмет көрсету процесін зерттеді, мамандармен сөйлесті және  локомотив кабинасында болды. Әмір бұл сапар оның болашақта өмірін теміржол саласымен байланыстыруға деген ұмтылысын одан әрі нығайтқанын атап өтті.

ҚТЖ мұндай жобаларды: теміржолға құмар әрбір баланы көретіндігін және бағалайтындығын ерекше атап өтеді.

Қызметкерлердің отбасыларына үнемі қамқорлық жасау ҚТЖ ұжымдық шартында бекітілген және тұрақты қолдау шаралары мен әлеуметтік кепілдіктерді қамтиды. Мысалы, 14 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты ата-аналарға 6 АЕК мөлшерінде көмек төленді. Мектеп түлектерінің ата-аналарына 25 мамырда ақылы демалыс беріледі.

Мерекелік іс – шаралардың шарықтау шегі ҚТЖ ғимаратында 5 000 қызметкер балаларына  арналған салтанатты мерекелік шоу болады, ол 1 маусымда өтеді, ал 7 маусымда ауқымды спорттық мереке -100 жас спортшы-теміржолшыларды біріктіретін 10 команда арасында шағын футболдан республикалық деңгейде алғаш рет ұйымдастырылған балалар турнирі өтеді. 

ҚТЖ үшін балаларды қолдау – бұл бір реттік акция емес, болашаққа ұзақ мерзімді салынған инвестициялар.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті