Кадр саясаты - күрделі жұмыс

Жаңалықтар
05.08.2022, 11:13
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Майра Ермаханбетованың персоналмен жұмыс тәжірибесі өте үлкен. ҚТЖ-ға 2008 жылы ҚР Президент әкімшілігінен арнайы шақыртумен келген маман – бүгінде еншілес компанияда кадр жұмысын жолға қойған білікті басшылардың бірі.

Көп жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істеген Майра Ермаханбетованың бірнеше жоғары білімі бар. Гуманитарлық, техникалық мамандығы бар және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Бүгінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға қарасты 5 филиал мен «Вагонсервис» АҚ және «Қала маңы тасымалы» АҚ сияқты мекемелердің кадр ісі бойынша тікелей және жанама түрде жүргізілетін жұмыстарын басқаратын Майра Сейфуллақызы бір кездері теміржолда жұмыс істеймін деп еш ойламапты. Бірақ арнайы шақырумен келген соң сенімнен шығу үшін осы саланы жан-жақты меңгеріп, кадр саясатын түсінуге көп уақыт жұмсады.

– Кадр саясаты – күрделі жұмыс. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, оларды іште басқа жұмыстарға ауыстыру, кезекті еңбек демалысын есептеу, бала күтіміне байланысты демалыстарды рәсімдеу, оқуға аттанғандар құжатын жасақтау, жеке даму жоспарының орындалуын, сыйақы мен жалақыны есептеушілердің жұмысын қадағалау, жыл сайын өзгеретін еңбекақы төлеу жүйесіне көшу, тағысын тағы жұмыстар жүктелген біздің департаменттің жұмысы оңай емес. Одан бөлек пойыз бригадасының бастығы болып көтерілетін жолсеріктердің нұсқаулықтарды дұрыс өтуін қадағалап, қызметкерлердің жыл сайын стандарттарға сәйкес кәсіби деңгейін көтеруге бағытталған жұмыстарды жүргіземіз, – дейді кейіпкеріміз.

Теміржолдағы кадрмен жұмыс істеуде бұрынғы мемлекеттік қызметтегі мол тәжірибесі көмегін тигізгенін айтады. Жолсеріктерді конкурспен жұмысқа қабылдау, арнайы курстан өтуді міндеттеу сынды талаптарды енгізуде Майра Ермаханбетова басқаратын департамент аз еңбек сіңірген жоқ.

– Бұрын жолсеріктерді тамыр-таныстықпен арнайы білімі болмаса да жұмысқа ала беретін болған, қазір міндетті түрде теміржол саласында кем дегенде орта арнаулы кәсіптік білімі және 3-6 айлық немесе 1 жылдық жолсерік курсын оқығаны туралы сертификат талап етіледі. Сонымен қатар арнайы конкурстан өткендер ғана жұмысқа қабылданады. Жолсеріктердің жалақысы соңғы жылдары бірнеше рет көбейді. Оқыту шаралары кезінде олардың күйзеліске төзімділігі, қызмет этикасы тексеріледі, – дейді ол.

Салаға сіңірген еңбегі үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы тарапынан бірнеше рет Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарға ие болған, 2014 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған кейіпкеріміз бос уақытын әйел-ана ретінде отбасына арнап, немерелеріне әже болуды да ұмытпайтынын айтады.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті