«ҚТЖ» мен «РЖД» 2030 жылға дейін түйіспе бекеттерін дамыту туралы келісімге қол қойды

Жаңалықтар
13.11.2025, 09:47
Сурет: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына ресми сапары аясында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ мен «Ресей темір жолдары» ААҚ арасында 2030 жылға дейін мемлекетаралық теміржол түйіспе бекеттерін дамыту жөніндегі келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Rail-news.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

Құжатқа «ҚТЖ» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов және «РЖД» бас директоры – басқарма төрағасы Олег Белозёров қол қойды.

Келісім шекара маңындағы инфрақұрылымды жаңғыртуға және жүк ағынының артуын ескере отырып, теміржол өткелдерінің өткізу қабілетін арттыруға бағытталған бірлескен жұмысты көздейді.

Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан мен Ресей арасындағы тоғыз мемлекетаралық өткізу бекеті арқылы үш миллиард тоннадан астам жүк тасымалданған.

2025 жылдың он айының қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тасымал көлемі 71,6 миллион тоннаға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 5 пайызға артқан.

Қазақстан мен Ресей теміржол инфрақұрылымын дамыту бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асырып келеді. Биыл Достық – Мойынты учаскесінде екінші жолдардың құрылысы аяқталып, шығыс бағытындағы өткізу мүмкіндігі айтарлықтай артты.

Сонымен қатар, цифрлық технологиялар белсенді енгізілуде. 2025 жылғы қазан айында электрондық, заңды күшке ие жүкқұжаттар арқылы тасымал көлемі 84 пайызға жетті. Бұл көрсеткішті 2026 жылы 90 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды