Қостанайдағы төтенше жағдайға өрт сөндіру пойыздары жұмылдырылды

Жаңалықтар
05.09.2022, 09:24
Оқуға 2 мин

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жедел брифингте Қостанай облысындағы өртті жоюдағы теміржолшылардың жұмысын атап өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

"ҚТЖ бөлімшесі бізге үлкен көмек көрсетті. Аманқарағай ауылындағы мұнай базасында жарылыс қаупі болды. Өрт сөндіру пойыздарының күшімен өрттің мұнай базасына таралуына жол берілген жоқ, бұл қайғылы салдарға әкелуі мүмкін еді. Жұмыс жалғасуда", - деді Ю.Ильин.  

 Өрт орнында Есіл, Құсмұрын, Тобыл, Атбасар және Қостанай станцияларының бес өрт сөндіру пойызы жұмыс істеуде, 250 теміржолшы тартылды. Жаңа Есіл станциясының өрт сөндіру пойызы дайындықта тұр.  Пойыз құрамында цистерналар мен вагон-сорғы станциясы бар. Өрт сөндіру пойызының жалпы сыйымдылығы 100 тонна су, өрт сөндіру жеңдерінің ұзындығы бір шақырымнан асады.    

Есіл өрт сөндіру пойызының бастығы Мұрат Хасенов Аманқарағай станциясындағы өрт жағдайы туралы айтып берді. Өрт сөндіру пойызының қызметкерлері мұнай базасының резервуарларына жақын келген өртті сөндірді.  

"Жұмыс қиын жағдайда жүріп жатыр: түтін, түк көрінбейді.  Үйлесімді іс-қимылдар нәтижесінде өртті тоқтатып, стратегиялық нысандарға жібермедік. Жағдай бақылауда", - деді М.Хасенов.  

Құсмұрын станциясының өрт сөндіру пойызы тартымдық қосалқы станцияны өрттен қорғауға кірісті.

"Өрт орман жағынан келді. Біз оны тоқтата алдық, содан кейін жұмысты жалғастырдық: ТЖМ өрт сөндіру машиналарын сумен толтырамыз, бұл су көздерін іздеуге және оны автокөлікпен жеткізуге уақытты айтарлықтай үнемдеді", - дейді өрт сөндіру пойызының бастығы Берік Асанов.  

Өрт сөндіру пойыздарына 52 машина (300 тонна) су құйылды. Теміржолшылар аралықтарда инфрақұрылым нысандарына жалынның таралуын болдырмай, бөлінген жолақта өртті сөндірді, соның арқасында 4 қыркүйек күні таңертең жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысы басталды.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды