Темір жолды қысқа дайындау жұмыстары 1 қарашаға дейін аяқталады

Жаңалықтар
12.10.2022, 11:52
Оқуға 2 мин
©Rail-news.kz

«ҚТЖ» ҰК» АҚ желісінде инфрақұрылым мен жылжымалы құрамды қысқы жұмысқа дайындау жүргізілуде. Тиісті іс-шараларды өткізуді компания басшылығы мен құрылымдық бөлімшелер басшылары арасынан жасақталған арнайы штаб үйлестіреді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жұмыстың негізгі бағыттарының бірі – жолаушылар кешенінің алдағы суықтарға дайындығы. Жолаушылар вагондары мен электр пойыздары қысқы жұмыс режиміне ауыстырылады. Вокзал ғимараттары жүйелері жуылды. Тобыл және Түлкібас вокзалдарында жылыту жүйелеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді. Сексеуіл және Павлодар вокзалдарында жұмыстар аяқталуда. 30 қазанға дейін Балқаш, Мырза, Жезқазған, Мойынты вокзалдарында жылу жүйесіне жөндеу жүргізу жоспарлануда.

Қазандық қондырғылары мен жылу трассалары қысқа дайындалуда. Жылыту маусымына техникалық және тұрмыстық көмір жеткізу кестеге сәйкес жүргізілуде. Теміржолшылардың тұрмыстық қажеттіліктері үшін 20 мың тоннадан астам қатты отын толық көлемде жеткізілді.

Қызметтік-техникалық ғимараттар, электр орталықтандыру бекеттері тексеріліп, жөнделіп жатыр. Станциялық шаруашылықты дайындау шеңберінде жарықтандыру жүйелеріне, бағыттамалық бұрмаларды пневматикалық үрлеу құрылғыларына тексеру жүргізілуде.

Машиналар мен механизмдерге техникалық қызмет көрсету жүргізіліп, жабдықтардың, қосалқы бөлшектер мен жанар-жағармай материалдарының қысқы қоры әзірленді. Тасымалдау процесінің тұрақты жұмысын, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін локомотив тораптары мен жүйелері қысқы режимге ауыстырылуда. Байланыс сымдарын мұздан тазарту үшін вибропантографтар дайындалды.

Суық ауа райы басталғанға дейін қызметкерлер қысқы арнайы киіммен және аяқ киіммен, жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі (барлығы 180 мың данадан астам түрлі атаулар).

Суық мезгілде магистральда жұмыс тәжірибесі жоқ «алғашқы қыстық»-теміржолшыларын оқытуға ерекше назар аударылады. Осы жылы тәжірибелі тәлімгерлерге 5128 «алғашқы қыстық» бекітілді.

Жалпы, 1 қарашаға дейін 460 астам қазандықты дайындау аяқталып, 4000 жуық өндірістік-техникалық ғимарат жөнделеді. Қысқы кезеңде жұмысқа 284 бірлік қар тазалау техникасы әзірленіп жатыр.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ барлық бөлімшелерінің қыс мезгіліне дайындығын қазан айының соңында Компания басшыларының қатысуымен арнайы комиссия тексереді.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды