Мыңнан астам маман қайта даярланды

Жаңалықтар
13.12.2022, 11:02
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Тараз теміржол көлігі оқу орталығында осы жылы 1021 маман біліктілігін көтеріп, қайта даярлаудан өтті.

Оқу орталығының директоры Тұрсынғали Нұрсейітовтің айтуынша, бұған дейін жылына екі мыңның үстінде теміржолшыларды қайта даярлаудан өткізетін білім ордасының жұмысына кешегі пандемия аз болса да кері әсерін тигізген. Дегенмен, келесі жылы 2688 маманды дайындауға өтінім алып отыр екен. Оқу орталығына Алматы, Түркістан, Абай және Жамбыл облыстарынан теміржолшылар келеді. Орталықта өз салаларына маманданған 17 жоғары білікті қызметкер дәріс береді. Оқу-әдістемелік құралдар – «Азаматтық-өндірістік мінездемемен» (ГПХ) мақұлданған оқулықтар. Негізгі басымдық электровоз, тепловоз машинистерін қайта даярлауға, өндірістік қауіпсіздікті еңсеруге беріледі.  

– Біліктілігін көтеретін теміржолшылар еңбек өтіліне қарай мекемелерден жіберіледі. Оқу мерзімінде олардың айлық жалақысы сақталады, өндірістік қауіпсіздік бойынша мамандар үш ай оқыса, электровоз және тепловоз машинистері 6 ай дайындалады. Олар Тараздағы Жамбыл жол, белгі беру және байланыс, электрмен жабдықтау дистанцияларындағы полигондарда және орталықтағы тренажер алаңында сынақтардан өтеді. Барлық жағдай жасалған. 70 адамға арналған жатақхана, спорт залы, арнайы жасақталған шахмат, дойбы, теннис үстелдері бар. Курсанттар бос уақытында спортпен айналысады, – дейді он жылдан астам осы орталықты басқарып отырған Тұрсынғали Абдалыұлы.

Ол – еңбек жолын Тараз локомотив депосында машинистің көмекшісі болып бастап, осы саланың барлық сатысынан өткен білікті маман.

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл