Музей қызметкерлері біліктілігін арттырды

Жаңалықтар
27.12.2022, 10:18
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстан темір жолында саланың арғы-бергі тарихынан сыр шертетін құнды экспонаттар жинақталған ондаған музей бар. Бүгінде олар «Қазкөліккәсіп» ҚБ балансында. 21-22 желтоқсанда Сала кәсіподағының ұйымдастыруымен музей менеджерлеріне арналған екі күндік семинар өтті.

Жер-жердегі теміржол музейінен жиналған менеджерлер семинардың бірінші күнін елордадағы С.Сейфуллин атындағы музейді аралап, жұмысымен танысудан бастады. Іргесі ХІХ ғасырда қаланған ғимаратта кезінде Сәкен Сейфуллин жұмыс істеген. Кәсіби мамандар музей қорларында сақталатын жәдігерлердің физикалық, механикалық, химиялық өзгерістерге ұшырау себептері мен соған сай әрекет ету жолдарын түсіндірді. Теміржолдың музей қызметкерлері жәдігерлерді күтіп ұстауға, музей ісін жандандыруға қатысты сұрақтар қойды.  

– Теміржолда бүгінгі таңда 17 музей бар. Ең ірісі Алматыда. Музейлерді кәсіподақ құрамына бергелі осымен екінші рет семинар өтіп отыр. Себебі темір жол музейлеріндегі менеджерлер негізінен саланың ішкі қызметкерлерінен тартылған теміржолшылар, яғни олардың музей ісінде арнайы білімі жоқ. Сондықтан мұндай семинарлар олардың білімін арттырып, бейімделуіне ықпалы зор, – деді «Қазкөліккәсіп» ҚБ ақпараттық қамтамасыз ету және ұйымдастырушылық жұмыстар департаментінің директоры Нұрлан Нұрпейісов. 

Түстен кейін семинарға қатысушылар Ұлттық музейді аралады. Музей менеджерлері де мұндай семинарлардың өзара тәжірибе алмасып, теориялық білім жинауға септік ететінін жеткізді. Алматыдағы Орталық теміржол музейінің менеджері Салтанат Қалиақпарова теміржол тарихы туралы деректерді жатқа айтады. 23 жылдық тарихы бар теміржол музейінде 1901 жылғы ескі паровоздар мен вагондар, 1946 жылғы ең алғашқы жолаушылар пойызының макеттері, Түрксіб теміржолын салған кездегі құралдар, бұрынғы қолданған телефон аппаратары және басқа да құнды жәдігерлер бар. Мұражайға айына орта есеппен 500 адам келеді екен.

Ақтөбе теміржол музейінің менеджері Анар Жұбаева кәсіподақ қарамағына өткелі менеджерлерді оқыту қолға алынғанын құптайтынын білдірді.  

– Бәрімізді бір жерге жинап, бір-бірімізбен танысқалы бері жұмысымыз жеңілдей түсті. Бұрын музей ісінде жұмыс жүйелі болған жоқ. Былтырғы танымдық семинарда көп білім алдық. Музей қалай жұмыс істеуі керек, қандай талаптарды сақтау қажет, оны қалай көрсете аламыз, соның бәрін музей ісі бойынша кәсіби мамандар үйретіп, түсіндірді. Ал биылғы семинарды біліктілігімізді арттыру деп қабылдадық, енді осы алған білімді тәжірибемен ұштастырып, өңірдегі теміржол музейлерін дамытуға жұмыс жүргізетін боламыз, – дейді А. Жұбаева.  

Аягөз локомотив пайдалану депосы музейінің менеджері Әлия Шәріпқызының айтуынша, 1999 жылы ашылған музейде 50-ге жуық экспонат бар. Оларды сақтауға қолайлы жағдай жасалған.  

Оралдағы І теміржол музейінің менеджері Гүлбаршын Маңғытаеваның айтуынша, батыс өлкесіндегі бұл музей 1994 жылы Қазақ теміржолының 100 жылдығына орай ашылыпты.

– Біздің музейде байырғы қоңырау, бағдаршам қызметін атқарған керосин шамдар, электровоздар макеттері, алғашқы паровоз макеттері құнды жәдігерлеріміздің қатарында. Музейге жылына шамамен 1500 адам келеді, – дейді ол.

ҚТЖ-дағы бас мұражайдың менеджері Ақмарал Молдашеваның айтуынша, ұлттық компания ғимараты стратегиялық нысан болғандықтан, келушілерді кіргізіп-шығару оңай емес. Сол себепті әрі карантин кезінде қолайлы болу үшін ҚТЖ компаниясының сайтынан сілтеме арқылы өтіп, қарауға болатын интерактивті музей жасалыпты. Болашақта оны барлық теміржол музейлеріне енгізу көзделіп отыр екен.  

Семинардың екінші күнінде «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев пен төрағаның орынбасары Бақытжан Қуанышев сөз сөйлеп, музей менеджерлерінің жұмыс барысындағы өтініш-ұсыныстары мен қажеттіліктеріне құлақ түрді. Одан әрі іс-шара осы саланың кәсіби мамандарынан музей-ағарту қызметін ұйымдастырудағы практикалық машықтар бойынша дәріс тыңдаумен жалғасты. «Кикілжіңді басқару», «Күйзеліске төзімділік» тақырыптарында тренингтер өтті. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті