Өмірге құштар жан

Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қарауылкелді станциясының өткел кезекшісі Марал Мұстафина – жеті бала тәрбиелеп отырған батыр ана болумен қатар тосқауыл бағдаршамында тұрып, өткел күзеткен тәжірибелі теміржолшылардың бірі.

Өткелде жұмыс істеу оңай емес, асқан мұқияттылық пен жауапкершілікті талап ететін қиын да мазасыз жұмыс. Оның темір жолдағы жалпы еңбек өтілі – 18 жыл. Еңбек жолын 2005 жылы бастаған. Бүгінде 48 жастағы келіншек 19 жасында тұрмыс құрып, төрт қыз, үш ұлды дүниеге әкеліп, өмірдің азды-көпті тауқыметін де татып үлгерген екен.  

«Бірінші жолдасым да теміржолшы болған, ерте қайтыс болды. Бес баламен жесір қалдым. Ол кезде алды 10 жас, кішісі 8 айлық жөргектегі бала болды. Өмірдің тауқыметін аз көрмедім. Сол балаларды осы теміржол саласында еңбек етіп жүріп, жалғыз өзім тістелеп жүріп жеткіздім», – дейді өткел бойын күзеткен ана.  

Өмірдің күйбең тірлігімен арпалысып күн кешіп жүріп, тауқыметін бөлісуге ұсыныс жасаған ер азаматты жолықтырып, екеуі бас қосады. 2013 жылы тұрмыс құрып, шаңырақтарында тағы бір ұл, бір қыз дүниеге келеді. Осылайша жеті баланың анасы атанып, алтын алқа, күміс алқа тағынған Маралдың бүгінде үш қызы тұрмыста, немерелері бар. Үлкені мұғалім, екінші қызы медициналық академияда 6-курста оқиды. Үшінші қызы теміржол саласында білім алып, бала күтіміне шыққанға дейін 74-разъезде жұмыс істеді. Одан кейінгі ұл да теміржолшы кәсібін меңгеріп, әскерге кеткенше 202-разъезде механик болды. Орны сақтаулы тұр екен.  

«Амандық болса, наурызда әскерден оралады. Әкесі секілді теміржолдағы жұмысымды жалғастырамын деп отыр. Кішкентайымның өзі 3 жастан асты. Өзімді бақытты ана сезінемін. Заман қиын, сондықтан қол қусырып, үйде отыруға болмайды, жұмыс істеп еңбектену керек. Балалардың болашағын ойлайсың, ең бастысы деніміз сау болсын, бәріне қол жеткізуге болады», – дейді өмірге құштар жан.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті

Басқа да жаңалықтар