Заңдағы өзгерістер түсіндірілді

Жаңалықтар
31.03.2023, 09:15
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Соңғы жылдары елімізде сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту бағытында бірқатар заңдық шаралар қабылдануда. Биыл 3 қаңтарда Мемлекет басшысы ҚР «Мемлекеттік қорғауға жататын тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойған болатын. Сол жаңа өзгерістерді түсіндіру мақсатында ҚТЖ-да кадр саласы, комплаенс және HR қызметі мамандарының қатысуымен арнайы жиын өтті.

Жиынға арнайы шақырылған ҚР Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің Астана департаменті мен «Адал жол» жобалық кеңсесі мамандарының айтуынша, қабылданған түзетулер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы одан әрі жетілдіруге, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа құралдарын енгізу, құқықтық олқылықтарды жою арқылы бағытталған. Жаңа қабылданған заңның өзекті тұсы – шенеуніктердің негізсіз баю жауапкершілігін енгізу. Заңда Қазақстанда енгізілген кірістер мен мүлікті жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде салықтық әкімшілендірудің қолда бар құралдарын пайдалана отырып, шығыстардың кірістерден асып кетуіне жауапкершілік көзделген.  

ҚТЖ комплаенс қызметі мамандары биыл 7 наурыздан бастап «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі бірқатар өзге де заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар күшіне енгенін хабарлады. Заңға енгізілген маңызды өзгерістердің бірі – 13-бабының редакциясын өзгерту болып табылады. Бұрын бұл бапта кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салу тек мемлекеттік қызметшілерге ғана қатысты болды және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызметті жүзеге асыратын адамдарға әсер етпеді. Енді Заңдағы өзгерістерге сәйкес 13-бап өзге де мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын тұлғаларға да қолданылады.

– «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының тең құқылы тұлғаларына көрсетілген заңнамалық жаңалықтармен танысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңа талаптардың тиісінше орындалуын қамтамасыз ету қажет. Комплаенс функциясы бойынша Қордың корпоративтік стандартының 51-тармағының 4-абзацына сәйкес барлық қызметкерлер ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтамағаны үшін дербес жауапты болады, – деді ҚТЖ комплаенс бақылаушы Бекет Ақпан.  

Заңның тағы бір нормасы сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған азаматтарды қорғауға бағытталған. Сыбайлас жемқорлықты әшкерелеуге атсалысқан қызметкерлер туралы ақпараттың құпиялылығы қамтамасыз етілетін болады. Оларды тәртіптік комиссияның ұсынымынсыз жауапкершілікке тартуға, жұмыстан шығаруға немесе басқа лауазымға ауыстыруға болмайды, оның отырысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері міндетті түрде шақырылуы тиіс. Жұмыс беруші жұмысқа қабылдау кезінде кандидаттың сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар-жоғын Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ақпараттық жүйелері немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы сұратуына болады.Теміржолшылар сыбайлас жемқорлық фактілері туралы 8800 080 4747 және 8771 1918816 нөмірлері бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ жедел желісінде хабарлай алады. Әр ақпарат құпиялылық пен анонимділік қағидаттарын ескере отырып қаралады.  

 

Аймақтар
28.06.2026
Қазалы теміржол вокзалында ғимаратты қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.06.2026
Қызылорда облысында екі вокзал мен жолаушылар платформасы жаңартылды
Аймақтар
27.06.2026
Тайынша теміржол вокзалында ғимаратты қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.06.2026
Риддер және Шемонаиха станцияларында теміржол вокзалдары жөндеуден кейін қайта ашылды
Аймақтар
26.06.2026
Жаңаесіл және Саумалкөл теміржол вокзалдары қайта жөндеуден кейін ашылды
Жаңалықтар
26.06.2026
Шу және Есіл деполарының локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде соқтығысудың алдын алды
Жаңалықтар
26.06.2026
«KAZLOGISTICS» бас директоры Шанхайдағы халықаралық форумда елдің көлік әлеуетін таныстырды
Станция тынысы
26.06.2026
Соңғы станцияның жүгі ауыр
Темір жол тарихы
26.06.2026
Теміржолдың жырын жырлап, мұңын мұңдаған қаламгер
Жаңалықтар
26.06.2026
Ляньюньган қаласының делегациясы Ақтау портына барды
Жолаушылар тасымалы
26.06.2026
Төрт Тальго пойызында вагон-мейрамхана қызметі іске қосылды
Аймақтар
26.06.2026
Атырау облысында бес вокзал дайын
Аймақтар
26.06.2026
Күрделі жөндеу – кәсібилер қолында
Цифрландыру
26.06.2026
Сандық жүйенің жемісі
Инфрақұрылым
26.06.2026
Қазақстандық және өзбек теміржолшылары түйіспесіз жолды ұстап тұру тәжірибесімен алмасты
Жаңалықтар / Мұрағат
26.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №49 26 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
25.06.2026
ҚТЖ-да темір жолдағы қауіпсіздікті арттыру шаралары талқыланды
Жаңалықтар
25.06.2026
Бурабай курорты теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Әлемде
25.06.2026
Трансауған магистралінің құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін
Қауіпсіздік
25.06.2026
Кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінде кілтипан көп