ҚТЖ-да еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлер марапатталды

Жаңалықтар
28.04.2023, 17:00
Фото с сайта coko1.ru
Қазақстан теміржолшысы

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған кеңес өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жыл сайын өткізілетін іс-шара «Қауіпсіз және қуатты орта – еңбек саласындағы негізгі қағидат және құқық» ұранымен болып өтті. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология қызметтерінің, басқа құрылымдық бөлімшелердің және филиалдың кәсіподақ комитетінің басшылары мен қызметкерлері жиналды.

Халықаралық еңбек ұйымы қауіпсіз өндірістік ортаны қалыптастыру проблемасын қызметкерлер құқықтарының негізгі қағидаттарының тізбесіне енгізді.  

Магистральдық желі дирекциясының Бас инженері Қайырбай Орынбаевтың айтуынша, филиалда қызметкерлерге қауіпсіз еңбек пен  санитарлық-гигиеналық жағдайларды жасау бойынша жүйелі негізде шаралар қабылдануда. Дирекцияның осы мақсаттарға жыл сайынғы шығыстары 6 млрд. теңгеден асады.

Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту, еңбекті ұйымдастыруды арттыру бағдарламасы шеңберінде 2022 жылы тораптық станцияларда 100  астам өндірістік ғимараттар мен санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар жөнделіп, жол шаруашылығы және электрмен жабдықтау қызметкерлерінің тұруы үшін 74 модульдік ғимарат орнатылды. Қол еңбегінің көлемін азайту үшін шағын механикаландыру құралдары да сатып алынды.

Ағымдағы жылы 357 өндірістік ғимаратқа ағымдағы жөндеу, сондай-ақ жол монтерлері үшін контейнерлерді жылыту пункттеріне қайта жабдықтау және олардың тұруы үшін 245 модульдік ғимарат сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыскерлерді жұмыс орнына және кері жеткізу үшін, сондай-ақ шағын механикаландыру құралдары мен құрылғыларды тасымалдау үшін 409 бірлік автокөлік сатып алу жоспарлануда.

Кеңес соңында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және жасауға белсенді қатысқан қызметкерлер басшылықтың алғыс хаттарымен марапатталды.

 

Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды