Жамбылдық теміржолшылар соғыс ардагерлерін құттықтады

Жаңалықтар
07.05.2023, 09:35
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Бүгінде Жамбыл облысында 17 ардагер-майдангер бар. Оның біреуі теміржолшы. Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай Жамбыл бөлімшесі директорының экономикалық мәселелер бойынша орынбасары Дәурен Құрманов бастап, бөлімше кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Ақшораев, кадрлар бөлімінің басшысы Меруерт Бейсенбекқызы жасы жүзге қараған майдангер-теміржолшы Базарбай Бүрбаевты құттықтады. Арнайы сый-сияпатын ұсынып, қарияның батасын алды.

Базарбай Бүрбаев 1942 жылы әскерге шақырылып, 393 атқыштар полкінде минометші болған. Ол Манчжурия, Мугден, Харбин қалаларын азат етуге қатысқан. Кеудесіне "Қызыл жұлдыз" орденін,  "Ерлігі мен қайсарлығы үшін", "Жапонияны жеңгені үшін" медальдарін қадаған жауынгер 1947 жылы елге оралады. Содан 1988 жылы зейнетке шыққанға дейін Жамбыл локомотив пайдалану депосында машинист болады. Бүгінде немере, шөберелерінің қызығын қызықтап отыр.

Сондай-ақ, жамбылдық теміржолшылар жергілікті әкімдік бекіткен ардагер-майдангер Иван Макеевтің де шаңырағына кіріп құттықтап қайтты.

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды