Жолаушылар вагондарын жаңарту басым міндеттердің бірі

Жаңалықтар
27.07.2023, 10:10

Кейінгі 6 айда «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ қызметтерін 6,5 млн адам пайдаланған. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2021 жылы 11,6 млн адам тасымалданса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 14 млн адамға жеткен, деп хабарлайды Rail-news.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда жолаушылар тарапынан теміржол көлігіне деген сұраныс  тұрақты сақталып отыр. Бұл ретте жолаушылар ескірген вагондерге жиі шағымданатынын ескеру қажет.

Қазір елімізде 2 553 вагон бар. Олардың 50%-дан астамы 10 жылдан аса жұмыс істеп келеді. 486 вагон шамамен 11-20 жылдай жолаушылардың игілігіне пайдаланылып жүр. Десе де 957 вагон немесе 37%-ы расымен ескірген, өйткені олар 28 жылдан артық қолданыста.

Бұл орайда «ҚТЖ» ҰК» АҚ жылжымалы құрамды жаңарту бойынша жұмысты мақсатты түрде және кезең-кезеңмен іске асырып жатқанын айта кеткен дұрыс. Айталық, кейінгі 10 жылда вагондар паркі 50%-ға жаңартылды. 2010 жылдан бастап 1 100-ден астам жолаушылар вагоны, оның ішінде 600-ден астам «Тальго» вагоны сатып алынды.

Былтыр отандық вагон жасау зауытының базасында швейцариялық технология бойынша шығарылатын жеңіл вагондарды жеткізіп, оларға техникалық қызмет көрсетуге байланысты келісімшартқа қол қойылды. Stadler компаниясы еліміздің басты теміржол операторы үшін 537 жеңіл вагонды құрастыру жұмысын ұйымдастыру мақсатында (2025-2030 жылдар аралығында) зауыттың өндірістік алаңы мен жабдықтарын жаңғыртуды жоспарлап отыр.

Сонымен бірге биыл «ЗИКСТО» АҚ-нан 50 жаңа жолаушылар вагоны келеді деп жоспарланған.

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды