ҚТЖ «Самұрық-Қазына» Қоры өткізген Өндірістік қауіпсіздік жөніндегі II форумға қатысты

Жаңалықтар
04.08.2023, 20:43
Оқуға 3 мин

2023 жылғы 4 тамызда «Самұрық-Қазына» АҚ Өндірістік қауіпсіздік бойынша II форум өткізді. Іс-шараға Қор басшылығы, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері, сондай-ақ портфельдік компаниялардың бірінші басшылары қатысты.

Форумға қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов: «Форум Қор тобы қызметкерлерінің әрқайсысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық портфельдік компаниялардың ортақ күш-жігерін біріктіру үшін ұйымдастырылды», - деп ерекше атап өтті.

«Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғановтың айтуынша, өткен жылдың соңында Қор үш бағыт: адамдар және қауіпсіздік мәдениеті деңгейін арттыру; технологиялық жабдықтарды пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету; төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша 38 нақты іс-шарадан тұратын 2023 жылға арналған өндірістік қауіпсіздік жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті.

- Портфельдік компанияларда өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесін жетілдіру және жарақаттану мен апаттардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды іске асыру процесі Қордың тұрақты бақылауында, - деді Ғибрат Ауғанов.

Мемлекеттік органдар өкілдері еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту туралы баяндамалар жасады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «QazaqGaz» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «KEGOC» АҚ портфельдік компанияларда "нөлдік жарақаттану" тұжырымдамасының «Жеті алтын ережесін» енгізу туралы айтып берді.

 Сонымен қатар, форумда халықаралық ұйымдар мен компаниялар өкілдері еңбекті қорғау саласындағы әлемдік жетістіктер туралы мәліметтерімен бөлісті. Оның ішінде «Аджип Қарашығанақ Б.В.», «Halliburton International GmbH», «Норт Каспиан Оперейтинг компания Н.В.», «Finch Global», Gascoyne Resources», ABRRAS Training сарапшылары бар.

Өз сөзінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котырев компания Vision Zero-ға 2019 жылдың қаңтарында ресми түрде қосылғанын және 2022 жылдан бастап мерзімсіз сертификатқа ие екенін атап өтті. Ол іс жүзінде № 2 Vision Zero «Тәуекелдерді анықтау - қатерлерді бақылау» алтын ережелерін іске асыруды көрсететін компания жүзеге асырып жатқан негізгі іс-шаралар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Сауранбаев VISION ZERO – нөлдік жарақаттануға қол жеткізу тұжырымдамасы халықаралық бағдарламасын іске асыру шеңберінде компанияның әрбір қызметкеріне өмірге және денсаулығынан айрылуға тікелей қатер төндіретін қауіптер анықталған жағдайда қауіпті жұмыстарды тоқтату құқығы міндеттемесіне қол қойды.

Сондай-ақ, тәуекелдерді анықтау және сәйкестендіру процесі ең жақсы тәжірибеге сәйкес реттеледі. «Қауіптер мен экологиялық аспектілерді сәйкестендіру, тәуекелдерді бағалау және басқару» стандарты бекітілді. ӨҚАЖ жүйесіндегі Тәуекелдерді бағалау және Басқару бойынша есеп функциясы автоматтандырылған. Қазіргі уақытта Компанияның барлық бөлімшелері қауіптер мен тәуекелдер тізілімдерін қағазсыз есепке алуға көшті.

Бұдан басқа, «LOCKOUT-TAGOUT» қауіпсіздік жүйесін қолдана отырып, электр қондырғыларында жұмыс істеу кезіндегі нұсқаулық» әзірленді және бекітілді. Тәуекелдерді бақылау және алдын алу тәсілін іске асыру үшін қысқа мерзімді және орта мерзімді кезеңдегі алдын алу іс-шараларының мерзімді әзірленетін және іске асырылатын кешенді жоспарлары ерекше орын алады.

Компанияда әрбір қызметкер ӨҚАЖ негізінде ұялы телефонға push-хабарламалар арқылы келетін Молния мен Бюллетеньдер арқылы орын алған тәуекелдер туралы хабардар етіледі. Сондай-ақ, өндірістік қауіпсіздік деңгейін бақылауды күшейту үшін үш жаңа ПӘК қабылданды, онда реактивті көрсеткіштермен қатар өндірістік жарақаттанудың алдын алуға және болдырмауға бағытталған проактивті тиімділік енгізілді.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті