Гендерлік тепе-теңдік – теңдік белгісіне ұмтылу

Жаңалықтар
22.09.2023, 10:34
Оқуға 2 мин
Фото Александр Жабчука

Әлемдік деңгейде де, жекелеген елдер мен компаниялар деңгейінде де қазір гендерлік теңдікті ілгерілету мәселесі өткір тұр. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да бұл мәселе күн тәртібінде.  

Бүгінгі таңда компания ҚР-дағы ең ірі және тұрақты жұмыс беруші болып табылады. ҚТЖ-да 26 мыңнан астам әйел жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 23% құрайды.

Магистральда жұмыс істеу тек жоғары біліктілікті ғана емес, сонымен бірге толық берілгендікті де қажет ететініне қарамастан, олар әлі де үймен, отбасымен толық айналысып, туыстары мен жақындарына уақыт бөліп, қызықты хоббиімен, қызығушылығымен және спортпен де айналысып келеді.

Тіпті, бір қарағанда «әйелге тән емес» жол монтері, локомотив машинисі, пойыз диспетчері, СОБ электромеханигі сияқты мамандықтарда да нәзік те талғампаз қыздар жұмыс істейді. Бүгінгі таңда әйелдер компанияның топ-менеджментінде де жұмыс істейді, бөлімше басшылары да бар – екі мыңнан астам, мамандар – тоғыз мыңнан астам, қызметшілер – жеті мыңнан астам, жұмысшылар – жеті мыңнан астам, оның ішінде жоғары салалық наградамен марапатталған «Құрметті теміржолшы» белгісімен – 30 астам адам.  

Бұл ретте, теміржолшылардың әлеуметтік пакеті ана мен баланың денсаулығын қолдауға бағытталған жеңілдіктерді қамтиды. Мысалы, баланың туылуына, асырап алуына байланысты ақылы әлеуметтік демалыстар; кез келген жастағы баланы асырап алуға байланысты материалдық көмек; жұмыс істейтін әйелдерге бір жарым жасқа дейінгі баланы тамақтандыру үшін қосымша үзілістер беру және басқалар.

Сондай-ақ, 2023-2024 жылдарға арналған ESG рейтингін жақсарту мақсатында «жол картасы» әзірленді, оның негізінде өз кезегінде ҚТЖ-да гендерлік теңгерімді белгілеу жөніндегі іс-шаралар жоспары құрылды.

Теміржолшы нәзік жандарды оқытуға, өзін-өзі дамытуға көп көңіл бөлінеді. Тек 2023 жылдың басынан бастап компанияның 2100 қызметкері оқудан өтті. Олар «Басшының негізгі дағдылары», «Еңбекті қорғау», «Күзетшілердің біліктілігін арттыру», «Еңбек заңнамасының негіздері», «Әйелдер және тұрақты даму мақсаттары», «Теңдік және мүмкіндіктерді кеңейту» және т.б. сияқты қызықты және пайдалы оқыту модульдерін оқыды.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті