ҚТЖ арнайы техниканы су тасқыны болған аймақтарға жеткізуді жалғастыруда

Жаңалықтар
15.04.2024, 19:04
Оқуға 2 мин

ҚТЖ арнайы техниканы Қазақстанның басқа өңірлерінен су басу аймақтарына жедел жеткізу үшін вагондар бөледі. Тиісті тапсырманы вице-премьер Қанат Бозымбаев берді. Теміржолшылар су тасқыны салдарын жою және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін өңірлерге тәулік бойы арнайы техниканы тасымалдауды ұйымдастырады.

Алматы, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда, Шымкент, Қостанай станцияларынан бульдозерлер, тракторлар, самосвалдар, камаздар, тиегіштер, манипуляторлар, су тасқынымен күресуге арналған крандар Орал, Атырау, Ақтөбе және т. б. бағытталды.

ҚТЖ пойыздарымен авариялық-құтқару жұмыстарына қатысу үшін 4 мың құтқарушы, әскери қызметші тасымалданды. Су басу орындарына гуманитарлық көмек жеткізу үшін пойыздар құрамындағы вагондар бөлінді.

Атырау-Құлсары-Атырау және Құлсары - Маңғыстау бағыттары бойынша 12 мың адам өтеусіз негізде жолаушылар пойыздарымен тасымалданды. 2 мыңнан астам жолаушы Атырау-Маңғыстау, Атырау – Алматы және Атырау-Астана бағыттары бойынша қосымша вагондармен шығарылды. Қосымша пойыздар Орал — Қызылорда, Атырау-Қарағанды, Алматы — Атырау бағыттары бойынша жүреді, бұл 2 мыңнан астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік берді. Су тасқынынан зардап шеккен аудандардан 500 баланы емдеу-сауықтыру орталықтары мен балалар лагерьлеріне тасымалдау ұйымдастырылды.

Су тасқыны кезінде елдің кейбір аймақтарында темір жол жалғыз көлік түрі болып қалып отыр. ҚТЖ барлық бөлімшелері күшейтілген режим жұмысына ауыстырылды. Су тасқынына қарсы іс-шараларды уақтылы жүргізудің арқасында теміржол инфрақұрылымы зардап шеккен жоқ, пойыздардың қозғалысы кесте бойынша жүзеге асырылады.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті