Темір жолда қоғамдық тәртіпті сақтау және тасымалдау процесінің қауіпсіздігі жөніндегі шаралар күшейтілді

Жаңалықтар
15.05.2024, 15:09
Оқуға 2 мин

ҚТЖ-да ҚР ІІМ көліктегі полиция департаменті өкілдерінің қатысуымен теміржолдағы мүліктің қауіпсіздігі мен сақталу деңгейін арттыру бойынша Жол картасын іске асыру бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жол картасы аясында Алматы-1 және Алматы-2 вокзалдарының перрондарында полицияның мобильді пункттері орнатылды. Жолаушылар қауіпсіздігі үшін жолаушылар пойыздарының барлық бағыттарында вагон-мейрамханалар мен вагон-барларда бейнебақылау камералары орнатылған.

Тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жүргізу  үшін теміржол станциялары мен вокзалдар қосымша бейнебақылау камераларымен жарақтандырылады. Бейнежазба полиция бөлмелеріндегі мониторға түседі және кем дегенде 30 күн сақталатын болады.  

ҚТЖ локомотивтері шұғыл тежеулерді,  кестеден тыс тұрақтарды және жазатайым оқиғаларды тіркеу үшін ішкі және сыртқы бақылау бейнетіркегіштерімен жабдықтауды жалғастыруда. Қазіргі уақытта бейнебақылау жүйесі 347 локомотивте жұмыс істейді.

Тасымалдау процесінің тиімділігін және магистральдық желіде пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейін арттыру үшін "цифрлық шеңбер" жылжымалы құрамды бақылау жүйелерінің ауқымды жобасы іске асырылуда. Қарағанды-Сұрыптау, Жаңаарқа, Арыс, Қандыағаш және Локоть станцияларында бейнебақылау жүргізуге, лазерлік құрылғылар мен таразы аспаптарын қолдана отырып жүктердің жай-күйін айқындауға мүмкіндік беретін шеңбер орнатуды жоспарлап отыр. ҚТЖ станцияларға келетін және кететін вагондардың тұтастығын бақылауды жүзеге асыратын  қолданыстағы 40 кешенге жаңғырту жүргізеді. Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне әсер ететін вагондардың шамадан тыс жүктелуіне немесе керісінше жүктің жетіспеуіне жол бермеу үшін Риддер, Аягөз, Шу, Шымкент, Түркістан, Дегелен, Алматы-1, Шиелі, Шетпе, Өзен, Павлодар, Тобыл, Қостанай, Алтынкөл, Сарыағаш, Ганюшкино және Шарбақты станцияларының парктерінде вагон таразылары орнатылған.    

Теміржолда адамдар мен малдарға соқтығысу санын азайту бойынша алдын алу шаралары белсенді жүргізілуде. 540 тыйым салатын белгілер жаңартылды. Жыл соңына дейін тағы 209 белгі жаңартылады. Жыл сайын темір жолға малдың шығуын болдырмайтын 1000 км қоршау құрылғылары орнатылады.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті