ҚТЖ пойыз қауіпсіздігін арттыру үшін цифрлық технологияны енгізді

Жаңалықтар
04.06.2024, 14:27
Оқуға 2 мин
Фото из свободных источников

ҚТЖ қозғалыс қауіпсіздігі департаменті және ҚТЖ  - “Бас есептеу орталығы" филиалы "Қозғалыс қауіпсіздігі" автоматтандырылған жүйесін және "Инфо – орталық" ақпараттық кешенін әзірледі, деп хабарлайды Rail-news.kz.

"Қозғалыс қауіпсіздігі" автоматтандырылған жүйесі (ҚҚ АЖ) екі модульден тұрады: "Қозғалыс қауіпсіздігі бойынша ревизор" автоматтандырылған жүйесі (ҚР  АЖ) және "Қозғалыс қауіпсіздігі тәуекелдерін талдау" автоматтандырылған жүйесі (ТТ АЖ).

ҚР АЖ 2016 жылы тұрақты пайдалануға енгізілді және "Ревизор” автоматтандырылған жұмыс орны" жүйесінің орнына келді. Осының арқасында соңғы 10 жылдағы ҚТЖ желісіндегі қозғалыс қауіпсіздігі туралы ақпарат сақталды. "Қозғалыс қауіпсіздігі тәуекелдерін талдау" автоматтандырылған жүйесі биыл әзірленді. Ол қабылданған ауытқулар бойынша статистикалық мәліметтер негізінде тәуекелдерді талдайды және бағалайды.

ҚҚ АЖ адами факторды, қағазбастылықты жоюға, мамандардың жұмысын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жүйе еліміздің әртүрлі аймақтарынан алынған ақпаратты жедел өңдейді, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі үшін туындайтын тәуекел дәрежесін объективті бағалайды. Нақты уақыт режимінде ҚТЖ басшылығы жол бөлімшелері мен басқарудың барлық деңгейлеріндегі жекелеген бөлімшелер бойынша қозғалыс қауіпсіздігінің жай-күйі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

"Инфо-орталық" ақпараттық кешені ҚТЖ және жол бөлімшелері басшыларын пайдалану жұмысы, жылжымалы құрамның жай-күйі, инфрақұрылым және қозғалыс қауіпсіздігі бойынша өзекті деректермен хабардар етуге арналған.

Кешен нақты уақыт режимінде жол бөлімшесі учаскелерін визуализациялауды қамтамасыз етеді, барлық жүйелердің деректерін интерактивті бақылау тақталары түрінде көрсетеді. Ақпаратты қабылдаудың ыңғайлылығы үшін жоспардың орындалуы/орындалмауы, қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуының төмендеуі/өсуі туралы түсті индикация қарастырылған.

Бүгінгі таңда Қызылорда, Ақтөбе, Шымкент, Қостанай жүк тасымалдау бөлімшелерінде кешенді тәжірибелік пайдалану аяқталды. Қалған бөлімшелерге және ҚТЖ корпоративтік деңгейіне тарату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті