Transport Logistic China 2024 көрмесінде ҚТЖ-ның стенді көпшілікті қызықтырды

Жаңалықтар
27.06.2024, 12:27

2024 жылғы 25-27 маусым аралығында "ҚТЖ" ҰК" АҚ компаниялар тобының делегациясы Шанхай қаласында (ҚХР) өткен Transport Logistic China 2024 халықаралық көліктік-логистикалық көрмесіне қатысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Transport Logistic China 1978 жылдан бері өткізіліп келе жатқан көлік, логистика, ақпараттық технологиялар және жеткізу тізбегін басқару саласындағы жетекші әлемдік көрме.  

Биыл Transport Logistic China көрмесі өз алаңында әлемнің түкпір-түкпірінен 600-ден астам көрме қатысушыларын орналастырды. Германия, Италия, Чехия, Сингапур, Сауд Арабиясы және басқа елдердің ұлттық павильондары ұсынылған.  

Көрмеге қатысушылар мен келушілер "ҚТЖ" ҰК" АҚ стендіне ерекше қызығушылық танытты. "KTZ Express" АҚ және "Кедентранссервис" АҚ өкілдері көліктік-логистикалық компаниялармен бірқатар кездесулер өткізіп, Қазақстан аумағы арқылы өтетін маршруттардың артықшылықтары, ұсынылатын сервистер туралы хабардар етті және өзекті болып табылатын Қытайдан Қазақстан арқылы жүк ағынын ұлғайту жөніндегі мүмкіндіктерді және контейнерлік тасымалдарды одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.  

Көрме аясында халықаралық жүк теміржол экспресінің жаңа дамуы  — теңіз континентальды Жібек жолы логистикасы бойынша саммит өтті, онда "ҚТЖ" ҰК" АҚ компаниялар тобынан "KTZ Express" АҚ Бас директорының логистика жөніндегі орынбасары Айбек Қапар баяндама жасап, Қазақстанның теміржол көлігі саласындағы көлік саясатын дамытудың басым бағыттарын атап көрсетті. Спикер сонымен қатар  Қазақстанның транзиттік әлеуеті және инфрақұрылымдық жобалар туралы да сөз қозғады.  

Іс-шара барысында қатысушылар Қытай - Еуропа бағытында қызметтерді ілгерілету және жақсарту мүмкіндіктері туралы пікір алмасты және сындарлы диалог жүргізді.  

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды