Жібек жолын жаңғырту Орталық Азияның дамуына септігін тигізеді – шетелдік сарапшы

Жаңалықтар
10.09.2024, 10:10
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Елордадағы «Астана» халықаралық қаржы орталығында жыл сайынғы «Astana Finance Days-2024» конференциясы өтіп, шара аясында «Белдеу және жол» бастамасы бойынша сессия ұйымдастырылды. Онда осы жоба аясында Қазақстанның дамуы, сынтегеурінге төтеп беруі мен келешегіне салынған инвестициялар жайы талқыланды.

Іс-шараға Қазақстан тарапынан «KTZ Express» АҚ бас директоры Дамир Қожахметов қатысты. Шетелдік қонақтар қатарында Шанхай қор биржасының атқарушы вице-президенті Лю Хао, TF International Securities «Белдеу және жол» бастамасын дамыту департаментінің тең басшысы Лоуренс Цанг, Азия-Австралия аймағының басқарушы директоры, China International Capital Corporation Limited инвестициялық банкингтің басшысы Барри Чан болды.  

– «Астана» халықаралық қаржы орталығы – «Белдеу және жол» бастамасының қаржылық инфрақұрылымының маңызды бөлігі. Ежелгі Жібек жолын жаңғыртуға бағытталған бастама Орталық Азияның дамуында үлкен рөл атқарады. Бүгін біз осы конференция аясындағы «Белдеу және жол» бастамасы: Эволюция және одан арғы жол» атты сессияда осы бастама аясында Қытай мен Қазақстанда, жалпы Орталық Азия елдерінде көптеген бірлескен жұмыстар жүргізілгеніне көз жеткізіп отырмыз, – деді Барри Чан.  

Қытай он жыл бұрын батысқа жол салуды көздеп, іске қосқан аталған бастама бойынша Қазақстан тек қатысушы болып қана қоймай, Қытай мен Еуропа арасындағы заманауи көлік дәлізін жаңғырту ісінде басты ойыншыға айналды. Қытай тарапы инфрақұрылымдық бастаманы жүзеге асыру ісінде Қазақстанға иек артуға мүдделі болды. Себебі Қазақстан – Батыс пен Шығыс арасындағы өзара ықпалдастық байланыстарды біріктіретін маңызды көпір.  

Осы арқылы біздің еліміз де өз мүддесін көздейді. «KTZ Express» АҚ бас директоры Дамир Қожахметов бастаманы іске асыруда ҚТЖ қандай рөл атқаратынына тоқталды.  

– Теміржолмен жүк тасымалын ұйымдастыратын біздің акционерлік қоғам – ҚТЖ компаниясының еншілес ұйымы болып саналады. Қазақстан қазіргі таңда ірі транзиттік хабке айналуда, осы мақсатқа жету жолында да Еуропа мен Қытайды Қазақстан арқылы байланыстыратын аталған бастаманың тигізер әсері көп болды. Клиенттеріміздің жүктерін қысқа мерзімде тасымалдауды жүзеге асыруға бар күшімізді саламыз. Тауар ағыны Қорғас арқылы жүргізіліп жатыр. Биыл қытайлық әріптестерімізбен бірге үшінші жобамызды жүзеге асыруды бастадық. Сонымен қатар Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту бойынша да жұмыстарға қатысамыз. Биыл ақпан айында Мемлекет басшысының қатысуымен Қытайдың Сиянь қаласында жаңа терминалымызды іске қостық, – деп ақпар берген ол модератордың сұрағына орай Орта дәліз жұмыстары туралы да баяндады. Бұл бағыт 5 елді басып өтіп, Қара теңізге бағыт алады. Сонымен қатар ол қаржыландыру тақырыбына да тоқталды. Компанияның аталған бағыттағы кеңейтілген жоспарын негізге ала отырып, болашақта жасыл облигацияларды пайдалануды көздейтінін жеткізді. Себебі теміржол арқылы қоршаған ортаға зиян аз келеді. Д.Қожахметов бүгінде ҚТЖ-да жүзеге асырылып жатқан 4 инфрақұрылымдық жоба жөнінде де мәліметтер берді.  

2018 жылдан бері өткізіліп келе жатқан AFD конференциясы қаржы саласының жетекші сарапшыларын, Еуразия өңірінің инвесторлары мен бизнес-көшбасшыларын біріктіретін басты платформа. Жыл сайын оған 70-тен астам елден 3000-нан астам адам қатысады, бұл оның Орталық Азияның қаржылық өміріндегі мән-маңызын айшықтайды. Биыл конференция қаржы секторындағы озық технологияларды, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін және қаржының орнықты дамуға және қоғамдағы оң өзгерістерге әсерін талқылау мақсатында «Инновация. Инвестиция. Серпін» тақырыбында өтті.  

 

Әлемде
12.05.2026
Лондон мен Швейцария арасында тікелей пойыз қатынайтын болады
Аймақтар
12.05.2026
Маңғыстау теміржолының аңызы – Жолдас Жетібай туралы бір үзік сыр
Жаңалықтар
12.05.2026
Теміржолшылар бейнесі ҚТЖ-ның LED-экранында
Аймақтар
12.05.2026
Шиелі станциясының жұмысы жаңа деңгейге шықты
Жолаушылар тасымалы
12.05.2026
Қарағанды – Балқаш бағытында қосымша пойыздар шығады
Әлемде
12.05.2026
Stadler компаниясы Дублин - Белфаст бағыты үшін гибридті пойыздар шығарады
Инфрақұрылым
11.05.2026
Түркістан облысында ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының жүзеге асырылу барысы тексерілді
Жаңалықтар
09.05.2026
Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтың Отан қорғаушы күні және Жеңіс күні мерекелеріне орай құттықтауы
Жаңалықтар
09.05.2026
Көлік министрлігінде вокзалдарды жаңғырту бойынша өңірлер мен ҚТЖ есебі тыңдалды
Жолаушылар тасымалы
09.05.2026
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Жүк тасымалы
08.05.2026
Алғаш рет Орта дәліз бойынша кері жүктеу ұйымдастырылды: Контейнерлік пойыз Түркиядан Қазақстан арқылы Қытайға жөнелтілді.
Аймақтар
08.05.2026
Өскемендік теміржолшылар 101 жастағы ардагер Александра Саратовцеваны құттықтады
Аймақтар
08.05.2026
Майдангер Иван Макеевке құрмет көрсетілді
Аймақтар
08.05.2026
Маңғыстауда тыл ардагері Нұрғали Төлеповке ескерткіш тақта ашылды
Жаңалықтар
08.05.2026
Талғат Алдыбергенов 100 жастағы ардагер-теміржолшыны Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтады
Жаңалықтар
08.05.2026
Теміржол вокзалындағы тәртіп сақшысы
Әлемде
08.05.2026
Ташкент вагон жасау зауыты биыл Ресейге 42 жолаушы вагонын жеткізуді жоспарлап отыр
Әлемде
08.05.2026
Қытайдан Ауғанстанға жаңа контейнерлік бағыт іске қосылды
Жаңалықтар
07.05.2026
Талғат Алдыбергенов Ерейментау вокзалы құрылысының барысын тексерді
Жаңалықтар
06.05.2026
Ұрпақтар байланысы: ҚТЖ ардагерлері немерелерімен Отан қорғаушыларды еске алды