Қазақ елі көне карталарда

Жаңалықтар
24.10.2024, 15:34
Суретті түсірген Александр Жабчук
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

Республика күніне орай танымал ғалым, Заманауи зерттеулер институтының директоры Мұхит-Ардагер Қаржаубайұлы Сыдықназаров еліміздің құрылу жолындағы тарихи деректер бойынша теміржолшыларға арнап дәріс өткізді.

Мұхит-Ардагер Сыдықназаров көне карталарды зерттеумен жиырма жылдан бері айналысып келеді. Бұл аралықта ғалым әлемнің көптеген елінде архив, мұражай, кітапханаларды ақтарып, елімізге қатысты мәліметтерді алуға тырысқан. Дегенмен Еуропа, АҚШ, Таяу Шығыс елдеріндегі картаграфиядан Қазақ еліне қатысты 4 мыңға жуық картаны тауып, елге алып келген.  

Ғалым 2021 жылы Брюссель қаласында 15-19 ғасырлардағы Еуропалық және Америка карталарындағы Қазақ мемлекеті атты алғашқы кітап атласын жарыққа шығарды. Биыл сол кітаптың екінші басылымы «Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі тарих толқынында» атауымен жарыққа шығып отыр. Мұхит-Ардагер Қаржаубайұлы қазақ елі көрсетілген осындай көне карталар әр қазақтың үйіндегі қамшы, домбыра және құран сияқты қасиетті заттардың қатарында болса деп тілейді.

«Мен тапқан Қазақ елі бейнеленген карталар Х-ХХ ғасырды қамтиды және бұлардың әрқайсысы еліміздің төлқұжаты. Карталар нақты ғылыми құжат, ол жерде ешкім бесінші мұхитты ойдан сыза алмайды. Бәрі нақты фактіге сүйеніп жасалады. Сондықтан бұл карталардан қазақтың мәдениетін, этнографиясын, тілі, халықаралық ішкі және сыртқы саясатына қатысты деректерді табуға болады», – дейді ол.  

Сонымен қатар ол Еуропа елдерінің барлығында шыққан картада еліміз көрсетілгенін атап өтті.

«Бұл қазақ елінің сол кезден бері геосаяси субьектілігі жоғары болғанын көрсетеді. 15-ші ғасырда Колумб Американы ашты. Бұл кезде Керей мен Жәнібек хандар Қазақ елін құрып жатты. Дәл осы кезде Еуропада кескіндеу, карта сызу өнерінің алтын дәуірі басталды. Әлемнің ең үздік танымал суретшілерінің қылқаламынан туындаған карталарда Қазақ елі бейнеленді. Сол үшін біз өзімізді бақытты елміз деп санаймыз», – дейді ол.

Оның айтуынша, қазақ деген атау 16-ғасырда емес, одан ертерек пайда болған. Өйткені 10-ғасырда шыққан карталарда еліміз Қазақ елі деп көрсетілген. Сондықтан Керей мен Жәнібек хандар Қазақ елін қайта жаңғыртты деп қарауымыз керек дейді ол.

«Еуропалық карталарда еліміздің тұрмыс-салты, көшпелі мал шаруашылығы – бәрі суреттермен көрсетілген. Яғни сол кезде біздің жерге келген адамдар қазақтар жайлы көптеген деректерді алып отырған. Тіптен соғыс құралдарымызға дейін бейнелеп көрсеткен. Ал кейбірі қазақтың қай руы қай жерде мекен ететінін де белгілеген. Тіптен швед зерттеушісі сызған картада Жәнібек ханның суреті бар», – дейді тарихшы.  

Ғалым көне карталардың қатарында Махмұд Қашқари сызған картаның маңыздылығы жоғары екенін атап өтті. Негізінен түркі елдері көрсетілген бұл картада алғаш рет Жапон елі бейнеленген екен.  

«10-ғасырдағы Махмұд Қашқари сызған карта көне саналады. Онда Түркі елдерімен қатар олар байланыс орнатқан елдер бар. Оған қоса  Жапония, Шри-Ланка да көрсетілген. Бұл сол кездегі ең құнды еңбек болды», – дейді ғалым.

Сондай-ақ ғалым Қазақ хандығы жалған ұғым екенін, дұрысы Қазақ елі деп аталғанын жеткізді.

«Қазақ хандығы дегенде ондағы басқарушылық құрылым айтылған, яғни ғылыми кітаптар үшін солай жазылған. Біздің ата-бабамыз өздерін хандық деп атамаған, олар мемлекет, орда деген. Бұл Совет кезеңінде мемлекетті хандар басқарған дегеннен шыққан және солай аталып кетті. Мәселен, мында князь басты адам, оны княжество, сұлтан басқарса, сұлтанат дегендей атай берген. Сондықтан қазір хандық деген түсініктен кетіп, Қазақ еліміз дегенге келуіміз керек», – дейді ол.  

Сондай-ақ Астанадағы ҚТЖ-ның бас ғимаратында Мұхит-Ардагер Сыдықназаров әзірлеген көне карталардың галереясы ашылды. ХІ-ХХ ғасырлардағы Қазақ мемлекетінің көне Шығыс және Батыс карталарының галереясының ашылуына «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев қатысты. Ол Мұхит-Ардагер Қаржаубайұлының еңбегіне табыс тілеп, оны Қазақстан темір жолының 120 жылдық төсбелгісімен марапаттады.

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?