Дархан Сатыбалды «Алматы–1» вокзалының жаңғыртылу барысын тексерді

Инфрақұрылым
19.11.2025, 08:30
Оқуға 1 мин
Сурет: Алматы әкімдігі

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында «Алматы–1» теміржол вокзалына барып, нысанда жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Құрылыс 1974 жылы салынған ғимараттың бастапқы сәулеттік келбетін барынша сақтай отырып жүзеге асырылуда. Мердігер ұйым жолаушылар ағынының көптігі мен нысанның жоғары жүктемесін ескеріп, заманауи антивандал материалдарды қолдануда

Жаңғыртылған вокзал аумағында визит-орталық, музейлік экспозиция және капсульдік қонақүй ашу жоспарланып отыр. Бұл қызмет сапасын арттыруға, туристік инфрақұрылымды жақсартуға және жолаушылар үшін қосымша қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Алматы әкімі вокзалдың жаңғыртылуы қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі мен жайлылығына тікелей әсер ететін маңызды әлеуметтік жоба екенін атап өтіп, жұмыстар белгіленген мерзімде және талапқа сай орындалуы тиіс екенін айтты.

«Мерзімді созу немесе талапты бұзу фактілеріне жол берген жауапсыз мердігерлер жауапкершілікке тартылады. Бізде сапасы төмен жұмыс үшін лицензиядан айыру тәжірибесі бар. Сондықтан сіздерден тәртіп, жеткілікті ресурс және міндеттемелерді сапалы орындауды күтеміз», – деді Дархан Сатыбалды.

Алматы әкімдігі жаңғырту жұмыстарының орындалуын әрі қарай да бақылауда ұстайды. Жаңарған вокзал қаланың заманауи, ыңғайлы әрі қауіпсіз көлік инфрақұрылымы нысанына айналуы тиіс.

Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті