«Мөлдір бұлақ» мәресіне жетті

Жаңалықтар
21.07.2017, 15:43
Үстіміздегі жылдың соңында «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы мәресіне жетіп, толығымен аяқталмақ. Бұл туралы «Теміржолсу» АҚ президенті Қуат Есімхановтың жетекшілік етіп, Қоғамның ел аймақтарындағы еншілес ұйымдары басшыларының қатысуымен өткен кеңейтілген жиында мәлім болды.  Отырыс күн тәртібінде биылғы бірінші жартыжылдықтың өндірістік-қаржылық көрсеткіші және алдағы екі тоқсанда атқарылатын жұмыстар легі қаралды.  «Теміржолсу» АҚ басшысы 2012-2017 жылдар аралығында «Мөлдір бұлақ» бағдарламасында қарастырылған іс-шараларды жүзеге асыруға 10 млрд теңге қарастырылып, алайда, 5,8 млрд теңге көлемінде қаржы жұмсалып, 4 млрд теңге шамасында ақша үнеміне қол жеткізіліп отырғанын атап өтті. Қомақты қаржы үнеміне қалай қол жеткізілді? Мұның сырын Қуат Есімханұлы, барлық шаруаны кәсіпорын филиалдарының мердігерлік қызмет көрсетілімінен бас тартып,  өз күштерімен, яғни шаруашылық тәсілмен жүзеге асыру нәтижесінде қол жеткізіп отырғандықтарымен түсіндірді. «Біз мердігерлер көмегіне жүгінгенде, осындай ақшаны үнемдей алмас едік, бұл сіздердің жұмысты ұтымды ұйымдастыруларыңның нәтижесі» деп оң баға берді Қоғам басшысы. Қазіргі таңда «Теміржолсу» АҚ 268 станция мен разъезге сумен жабдықтау және кәріздік жүйе қызметтерін көрсетіп отыр. Сонымен қатар «ҚТЖ» ҰК»АҚ-ның 252 темір жол пунктінде нысандарға техникалық қызмет көрсетіп отырса, желі ұзындығы 74,1 км құрайтын, 86 қазандық шаруашылығы пайдаланылып келеді. Қуат Есімханов соңғы бес жылда «Теміржолсудың» кіріске жұмыс істей бастағанын айтып өтті. Ол темір жол нысандарының 95 пайызын  жылумен қамтамасыз етіп отырғанын, өткен жылу беру маусымын жақсы тәмамдағандарын және де алдағы жылу маусымына нысандарды жөндеп, дайындауға кірісіп кеткендерін, Достық станциясында 3 қазандықтың толықтай ауыстырылатынын жеткізді.   Біз биыл Сопромат және Карплаз кәсіпорындары өндірісінен шыққан ұзақ жанатын 18 қазандықты орнатпақпыз. Былтыр 4-еуін қойдық. Бұл қазандықтар көмірді 30% үнемдейді. Сонымен қатар бүгінде сенімді басқару шартының негізінде Нұркент дизельді қазандығының жылумен жабдықтауына қатысты тарифтер бекітіліп, тұтынушылармен келісімшарттар жасалуда. Бұл поселка пайдалануға берілгеннен бері оның шығынын Магистральдық желі дирекциясы көтеріп келді, енді осы жылдан бастап ЦЖС жылына 90 млн теңгедей қаржысын үнемдейтін болады,– деді Қуат Есімханұлы. Бұдан кейін Қоғам басшысы сумен жабдықтау мәселесіне ойысты. Оның айтуынша, бүгінде 200-ден астам станция мен разъездерге су цистерналармен тасымалданады екен. Кәсіпорын қойып отырған қазіргі міндет, осындай станция-разъездер санын мейлінше азайту. Қоғам филиалдары бұл шараға кірісіп те кеткен. Өткен жылы ЦЖС-пен бірлесе Ауыл станциясында сумен жабдықтау құрылғыларын жөндеп, қолданысқа берген. Биыл да бірнеше станцияларға су өткізіп беру шарасы қолға алынбақ.  Теміржолсу басшысы жергілікті атқарушы органдармен соңғы екі жылда жақсы байланыс орнап, бір жеңнен қол шығара жұмыс істеп жатқандарын атап өтті. Биыл Майқайың, Қарасор, Бозщакөл станцияларында жергілікті әкімшіліктермен бірлесе сумен жабдықтауға қатысты жұмыстар жүргізілетін болса, Алматы өңіріндегі Қазбек-бек, Жайлау станцияларындағы су айдайтын нысандарды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Аталған станциялардағы сумен жабдықтау нысандары жергілікті әкімшілік балансында, сондықтан «Теміржолсу» АҚ филиалдары әкімдік бөлген қаражат есебінен техникалық қызмет және жөндеу түрлерін көрсетеді.  Ал Алматы – Шу телімі бойында орналасқан Саз станциясындағы Қоғамға қарасты су нысандары жақын күндері қолданысқа берілмек. «Мөлдір бұлақ» бағдарламасының арқасында станция тұрғындары 14 жылдан соң ғана таза ауыз суға қол жеткізіп отыр. Бұл жерде ұңғыма қазылып, одан шыққан су лабораториялық тексеруден өтіп, суды тазартатын қондырғы орнатылған. Нәтижесінде, Саз тұрғындары таза ауыз сумен қамтылмақ. Қуат Есімханов сөз реті келгенде, «Павлодар – Теміржолсу» ЖШС-нің бөтелкелерге құйылып сатылатын, таза ауыз су өндірісін дөңгелетіп жүргенін, жақында оның қатарына Қызылорда филиалы қосылып, «Орда суы» атауымен бөтелкедегі суды сатылымға шығара бастағанын айтып,  бұл құптарлық іс деп баға берді. «Таза су өндіру үшін Үкімет бізге ақша бөлді, енді осы суды сатып, филиалдарымыз табыс табуы керек. Алдағы жылдан бастап Тальго жүрдек жолаушылар пойыздарын таза сумен біз қамтамасыз етуіміз керек. Темірм жолдың ақшасы темір жолдың ішінде жүруі керек» деп тоқ етерін айтты Қоғам басшысы. Кеңейтілген жиында «Теміржолсу» АҚ-ның өндіріс жөніндегі вице-президенті Ермек Искаков қоғамның негізгі өндірістік-техникалық көрсеткіштері мен активтеріне тоқталды. «Мөлдір бұлақ» бағдарламасында қарастырылған бағыттың бірі, апатты жағдайға байланысты тоқтап тұрған су өткізу желілерінің санын азайту болатын. Бұл шара толық орындалды. Бүкіл жерге пайдалану мерзімі елу жылды құрайтын пластикалық құбырлар қойылды. Сөйтіп, бағдарлама аясында 517 км су өткізу желісінде,   25  км кәріз желісінде   жұмыстар жасадық, 50 су қысымды мұнарасын, 69 су сорғы станциясын, 19 кәріз сорғы станциясын жөндедік. Сонымен қатар 70 «Тазасу» қондырғысын орнаттық, 53 артезианды ұңғыма және 79 шахта құдығын қаздық. Бағдарлама бойынша артезианды ұңғыма қазу аз көлемде қарастырылғанымен, біз тасымалданатын су көлемін азайту үшін жоспарды 15 пайызға асыра орындадық, – деді Ермек Қабышұлы. Осы арада, сөзге араласқан Қуат Есімханұлы Маңғыстау бөлімшесі аумағында орналасқан №11 және №15 разъездердегі су жағдайына тоқталып өтті. «Бұрын 11-ші разъезде адамдар әлдебір ыдысқа құйылған суды еңкейіп, шелекпен тартып алып, сілесі қататын, ол ыдыстың үстінен ит-құс жүретін, ол ыдыстың түбінде не бар, тазаланып тұра ма, ол жағы беймәлім, ал 15-ші разъезде су әкелген цистерна 30-40 күн тұрады, ол қызады, сәйкесінше, ондағы су сапасы нашарлайды.  Ал қазір біз не істедік, шыныпластикалық ыдыс қойдық, оған су құбыры арқылы жаңа таза су келіп тұрады, кнопканы басып, қажетіңше суды ала бер, міне, біз осындай суы жоқ мұнайлы өлкеге су қондырғысын орнатып, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз еттік» деп «Мөлдір бұлақ» бағдарламасының ел игілігіне бағытталып отырғанынан жарқын мысал келтірген Қоғам басшысы, қазір заманауи су беру жүйесіне көшуді қажет етіп отырған Маната станциясы мен №9-ші разъезд қалып отырғанын жасырмады. Егер осы жерлерде таза су мәселесі шешілсе, темір жол бойындағы желілерде ауыз су мәселесі толықтай күн тәртібінен түспек екен. Қуат Есімхановтың айтуынша, бүгінде қазандықтар орналасқан орын-жайдың да жағдайы заман талабына сай өзгерген. «Бізде «котельный» десе, қап-қара, күйе-күйе болып, ыс басқан орын-жайлар елестейді. Қазір жағдай басқа. Біз жаңа ұзақ жанатын қазандықтар орнатып жатқанымызды айттық, ол көмірді 30 пайызға үнемдеумен қатар, жыл сайын 13 млн теңге үнемін әкелмек. Мәселен, Маңғыстаудағы мұндай қазандықтар орналасқан орый-жайға барсаңыз, оның іші тап-таза, душ, дәретхана, жуыну бөлмесі бар, от жағушы тап-таза ақ халатпен жүреді. Міне, біз осындай деңгейге жетуге ұмтылуымыз керек. Бұл біздің қызметкерлермізге қолайлы еңбек жағдайын тудырып отырғанымыздың белгісі. Және де осы жерде айтпағым, от жағушылардың еңбек тәртібін қатаң сақтауы да бақылауда болуы керек.Өйткені, қазандық орнасқан аумақ қауіпті екенін ескерген жөн» деп сөзін түйіндеді Қуат Есімханұлы. «Теміржолсу» АҚ-дағы еңбек қорғау және қауіпсіздік мәселелерін кәсіпорынның бас инженері Ғазиз Жайылғанов баяндап берді. Оның айтуынша, биылғы және өткен жылдың алты айында да өндірістік жарақаттану алған жазатайым оқиғалар болмаған. Қоғамның еншілес ұйымдарының қызметкерлері сапалы арнайы киіммен және жеке қорғану құралдарымен толықтай қамтамасыз етілген.  Еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасын сақтауға ерекше көңіл бөліп отырған Қоғам басшылығы, жыл сайын еңбек қорғау бойынша кешенді шаралар қабылдап, жүзеге асыруда. «Ауруға ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» демекші, бірінші кезекте басымдық өндірістік жарақаттану оқиғаларының алдын алуға, одан кейін кәсіби және жалпы аурулардың алдын алуға және жалпы еңбек жағдайын жақсартуға берілген. Жиын барысында Қоғамның еншілес ұйымдары басшылары да сөз алып, өз өңірлерінде атқарылып жатқан жұмыстарға, жұмыс процесі барысында туындап отырған мәселелерге тоқталды. Жиынға қатысқан Магистральдық желі дирекциясының бас инженері Қайырбай Орынбаев та дирекция тарапынан туындап отырған кейбір мәселелерді ортаға салып, оны бірлесіп шешуге екі тарап өзара келісті. Жиын соңында алдағы айларда жүргізілетін жұмыстар пысықталып, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өндірістік-қаржылық көрсеткіштерімен озып шыққан ТЖС-Алматы бірінші орынды, ТЖС-Маңғыстау екінші орынды, ал ТЖС-Қостанай үшінші орынды иеленіп, Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Сұлугүл БАКЕСОВА, Астана

Жолаушылар тасымалы
24.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады
Әлемде
24.06.2026
Stadler мен ARST әлемдегі алғашқы тар табанды коммерциялық сутегі пойызын таныстырды
Жаңалықтар
24.06.2026
Көлік полицейлері «Нұрлы жол» вокзалында мерекелік концерт ұйымдастырды
Әлеумет
24.06.2026
Семейлік теміржолшылардың балалары Бурабайға жол тартты
Жүк тасымалы
24.06.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы рекордтық көрсеткішке жетті
Жаңалықтар
24.06.2026
Мемлекет басшысының Бельгияға сапары аясында көлік саласында жаңа келісімдер жасалды
Жаңалықтар
24.06.2026
Ақтау порты 7 метрге дейін тереңдетіледі
Әлеумет
23.06.2026
Ұжымдық шарт игілігі: Теміржолшылар демалыс кезінде шипажайларға жеңілдікпен жолдама алады
Аймақтар
23.06.2026
Сыр өңірінде жүк тасымалы жаңа деңгейге көтерілді
ҚТЖ келбеті
23.06.2026
Семейлік инженер халықаралық тәжірибе жинақтады
Станция тынысы
23.06.2026
Махаббат станциясы
Спорт
23.06.2026
Қызылордалық теміржолшылар ракетка шеберлерін анықтады
Спорт
23.06.2026
Жамбылдық теміржолшылар бильярдтан Кәсіподақ кубогін сарапқа салды
Жаңалықтар / Мұрағат
23.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №48 23 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
22.06.2026
Қазақстанның көлік саласына инвестициялар
Жаңалықтар
22.06.2026
Брюссельде Еуропа мен Азия арасындағы негізгі маршруттың болашағы талқылануда
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚМГ мен ҚТЖ мұнай өнімдерінің логистикасына цифрлық бақылау енгізді
Инфрақұрылым
22.06.2026
Талдықорған теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚТЖ халықаралық көлік дәліздері үшін LTE-R бірыңғай цифрлық желісін құрады
Қауіпсіздік
22.06.2026
Теміржолшылар төтенше жағдайға қаншалықты дайын?