Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі

Әлемде
19.08.2026, 10:32
Сурет: ашық дереккөзден

Еуропада 2023 жылы Швейцариядағы Готтард базалық туннелінде болған апаттан кейін жүк вагондарының дөңгелектерін техникалық тексеру аралығы қысқартылады. Жаңа талап бойынша тексерулер дөңгелек түріне қарай әр 50–300 мың шақырым сайын жүргізілуі мүмкін. Бұған дейін кей жағдайда бұл көрсеткіш 660 мың шақырымға дейін жеткен, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жаңа шаралар Еуропалық одақ теміржол агенттігі (ERA) үйлестіретін JNS бірлескен хатшылығы аясында әзірленді. Қосымша визуалды тексеру, жарықшақтар мен қызып кету белгілерін анықтау қарастырылған. Кейбір дөңгелек пен тежегіш жүйелері үшін бақылау аралығы шамамен 50 мың шақырым болады.

2023 жылғы 10 тамызда Готтард туннеліндегі жүк пойызының апатына 11-вагонның дөңгелегінің сынуы себеп болған. Ол небәрі 50 мың шақырым жүргенімен, сол кездегі талап бойынша жоспарлы тексеруге дейін әлі айтарлықтай қашықтық қалған. Дөңгелек сынғаннан кейін пойыз қозғалысын жалғастырып, нәтижесінде 16 вагон рельстен шыққан.

Апат салдарынан инфрақұрылым мен жылжымалы құрамға келген шығын шамамен 150 млн швейцар франкі болды. Туннельдің бір құбыры бір жылдан астам уақыт жабылып, Еуропадағы трансальпілік теміржол тасымалына айтарлықтай шектеу енгізілді.

Қатаң талаптарды енгізудің негізгі бастамашыларының бірі Швейцария болды. Ел өзінде дөңгелектерді тексеру аралығын қысқартып, кейбір дөңгелектердің ең төменгі рұқсат етілген диаметрін арттырды және қызып кетуден кейін қосымша тексеру енгізді.

ERA/JNS аясындағы жаңа талаптар әзірге ЕО үшін міндетті регламент емес, ұсынымдық сипатта. Оларды енгізу ұлттық органдар мен теміржол компанияларының құзырында. Швейцария жаңа нормаларды ұлттық заңнамаға енгізуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар вагон иелері, операторлар және техникалық қызмет көрсетуші ұйымдар арасындағы жауапкершілікті бөлу мәселесі әлі толық шешілген жоқ.

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты