Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты

Әлемде
20.08.2026, 09:43
Оқуға 2 мин
Сурет: China Daily

«Қытай теміржолдары» (China Railway, CR) компаниясының мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар–шілде айлары аралығында елдің ұлттық желісі бойынша 2,8 млрд жолаушы тасымалданған, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,1%-ға артық және кезекті рекордтық көрсеткіш болып табылады. Алғашқы төрт айдың қорытындысы бойынша одан да айтарлықтай өсім тіркелген еді — 6,8%. Желі бойынша орташа есеппен тәулігіне 11 462 жолаушылар поезы қатынады, бұл өткен жылғы деңгейден 571 поездға артық (+5,2%).

Карастырылып отырған кезеңде шетелдік азаматтардың ел теміржолдарымен сапарлау көрсеткіші 14,85 млн-ға дейін өсті (+32,5%). Гуанчжоу — Шэньчжэнь — Гонконг халықаралық жоғары жылдамдықты магистралі бойынша 20,049 млн жолаушы, ал Қытай — Лаос теміржолы арқылы 214 мың жолаушы тасымалданды (сәйкесінше +11,5% және +38,2%). Сонымен қатар бірнеше жылдан бері Қытай мен Моңғолия, Ресей, Вьетнам және КХДР арасында да жолаушылар тасымалы тұрақты жүзеге асырылып келеді.

Ең көп жүк түсетін бағыттарда және сұраныс жоғарылаған кезеңдерде жолаушылар ағынын реттеу үшін қосымша поезд рейстері тағайындалып, біріктірілген (қосарланған) электр поездары іске қосылды.

Сонымен қатар Қытайда теміржол туризмі де қарқынды дамып келеді. 2026 жылдың қаңтары мен шілдесі аралығында жалпы жиыны 2159 туристік поезд рейсі, сондай-ақ концерттер мен спорттық жарыстардың көрермендеріне арналған 79 арнайы поезд рейсі орындалды.

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды