«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов «Нұрлы жол» вокзал кешенінің жұмысын тексерді. Ол теміржол тарихы музейінің құрылыс барысымен танысып, вокзал ғимараты мен оған іргелес аумақты аралады.

Тексеру қорытындысы бойынша басқарма төрағасы вокзал кешенінің техникалық жағдайын жақсарту және жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мақсатында бірқатар тапсырмалар берді.