ҚТЖ-да қозғалыс қауіпсіздігін бұзу 4% қысқарды

2025 жылдың І жартыжылдығында Компания құрылымдық бөлімшелері жол берген қозғалыс қауіпсіздігін бұзу саны 4% қысқарды. 2018 жылдан бастап ҚТЖ-да бұзушылықтар санының жыл сайын төмендеуінің тұрақты үрдісі байқалады деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Негізгі іс-шаралардың бірі операциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәдениетін қалыптастыру тақырыбында бірінші басшылармен стратегиялық сессия өткізу болды. Сессия қорытындысы бойынша "Қозғалыстың операциялық қауіпсіздігі мәдениеті" қағидаттарын қалыптастыру және қолдау жөніндегі жол картасы әзірленді. Құжат қызметкерлердің технологиялық процестерді сақтауға қатысуын арттыруға, қызметкерлерді оқытуға, дербес бақылауды дамытуға және сенім ахуалын қалыптастыруға бағытталған.  

Өңірлік және желілік бөлімшелердің 100 астам басшылары "Қозғалыстың операциялық қауіпсіздігі мәдениеті" қағидаттары бойынша оқытудан өтті. Бұл қызметкерлердің кінәсінен бұзушылықтар санын 34% төмендетуге мүмкіндік берді.

Жас мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында Темір жолдарды техникалық пайдалану қағидаларын, Сигнал беру және пойыздар қозғалысы жөніндегі нұсқаулықтарды зерделеуде электрондық курстарды әзірлеу бойынша жұмыс жалғасуда.

Сондай-ақ, Компания қауіпсіздікті басқарудың цифрлық құралдарын енгізді. Олардың ішінде "Қауіпсіздік жөніндегі ревизор" автоматтандырылған жүйесі, "Инфо-Орталық" ақпараттық кешені, қозғалыс қауіпсіздігі тәуекелдерін талдау жүйесі бар.  

Автоматтандырылған: "Комиссиялық айлық тексеру", "Аудит" жүйелерін әзірлеу жүргізілуде.  

Жол учаскелеріндегі тәуекелдерді анықтау үшін "Түйіспесіз жолдың істен шығу алдындағы жай-күйін кешенді талдау" жүйесі және "Рельсті жолдың геометриясының істен шығу алдындағы жай-күй есептеу бағдарламасы" пайдаланылады.  

 Бұл жүйелер үшін мәліметтер заманауи диагностикалық құралдарды ұсынады: мобильді диагностикалық кешендер (МДК) — жол геометриясын өлшеу, дефектоскопия, георадиолокация және бейнебақылау функциялары мен мобильді диагностикалық зертханалар (МДЛ) — теміржол және автомобиль жолдарындағы өздігінен жүретін аралас зертханалар, олардың өнімділігі дефектоскоп арбаларымен салыстырғанда 5-7 есе жоғары.

Компания көлік объектілерінде болу және мал жаю қағидалары бойынша белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Әкімдіктерге темір жол төсеміне жақындаған кезде уақтылы ден қою үшін малды чиптеу бойынша ұсынымдар жолданды.

Көлік полициясымен ынтымақтастықта мүліктің қауіпсіздігі мен сақталуы деңгейін арттыру жөніндегі жол картасы іске асырылуда.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары бекіткен "Кешенді жоспарда" көрсетілген. Басымдықтар ішінде: инфрақұрылымды және жылжымалы құрамды жаңғырту, технологиялық процестердің сақталуына бейнебақылауды енгізу, өткелдерде бейнетіркеу жүйелерін орнату, жаппай мал жаю орындарында қоршаулар салу және нормативтік базаны жетілдіру.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ теміржол саласының тұрақты және қауіпсіз жұмысы үшін кешенді шараларды іске асыруды жалғастыруда.

 

 

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда