ҚТЖ Сычуань және Чэнду логистикалық компанияларымен келіссөздер өткізді

Жаңалықтар
28.08.2025, 10:50
Оқуға 2 мин

Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов  Sichuan Port and Shipping Investment Group Co., Ltd. (SPSI) және Chengdu International Railway Port Investment & Development Co., Ltd. (CIPI) басшылықтарымен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Rail-news.kz.    

Қазақстан –  Синьцзинь (Чэнду, ҚХР) халықаралық өзара іс-қимыл торабын құру перспективалары, сондай-ақ қоймалық инфрақұрылымды дамыту, Қазақстанда астық терминалдары мен агрохабтар салу жөніндегі жобалар талқыланды. Қытай тарапы тасымалдау маршруттарын құру үшін жасанды интеллект технологияларын қолданатын цифрлық шешімдерді ұсынды. Сапар аясында ҚТЖ делегациясы Юньган  Синьцзинь теміржол логистикалық паркі мен қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне экспорттаудың негізгі буыны бола алатын SPSI астық терминалының жұмысымен танысты.

CIPI  компаниясымен Чэндуда бірлескен құрғақ порт салу және астық жүктерін ауыстырып тиеуге арналған қуаттарды қоса алғанда, терминалдық инфрақұрылымды дамыту мүмкіндіктері қарастырылды. ҚТЖ делегациясы сондай-ақ ауданы 17,6 га CIPI мультимодальды тасымалдауды басқарудың халықаралық орталығына барды. Кешенге 150 мың шаршы метрден астам заманауи қойма үй-жайлары, оның ішінде мамандандырылған температуралық, кедендік және химиялық қоймалар кіреді.

«Қазақстан мен Қытай Азия және Еуропа арасындағы транзиттік тасымалдарды дамытуда шешуші рөл атқарады. Бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру көлік дәліздерінің тиімділігін арттыруға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті Т.Алдыбергенов.  

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды