ҚТЖ мен Citibank: болашақ инфрақұрылымына инвестициялар

Жаңалықтар
25.09.2025, 12:40
Оқуға 1 мин

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов Нью-Йоркте (АҚШ) Citigroup бас атқарушы директоры Джейн Фрейзермен кездесу өткізді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Сонымен қатар, АҚШ-тағы ҚТЖ делегациясының өкілдері «Ситибанк Қазақстан» АҚ Басқарма төрағасы Сәуле Жақаевамен, Солтүстік және Оңтүстік Америка бойынша Citi экспорттық және агенттік қаржыландыру жөніндегі басқарушы директоры Суманта Паниграхимен және Citi экспорттық және агенттік қаржыландыру жөніндегі директоры Майкл Питерсонмен кездесуге қатысты.

Кездесулер барысында тараптар ҚТЖ инвестициялық бағдарламасын қаржыландыру мәселелерін және ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, оның ішінде Wabtec-пен қол қойылған келісім шеңберінде талқылады.

Компанияның теміржол инфрақұрылымын жаңғыртуға, операциялық тиімділікті арттыруға және инновациялық технологияларды енгізуге бағытталған стратегиялық жобаларын іске асыру үшін ұзақ мерзімді қаржыландыруды тарту мүмкіндіктеріне басты назар аударылды.  

Келіссөздер барысында ҚТЖ және Citi өкілдері бірлескен жұмыстың жоғары әлеуетін атап өтіп, әріптестік қатынастарды одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тұрақты өсуді, халықаралық көлік жүйесіне кірігуді және Еуразияның негізгі транзиттік торабы ретіндегі Қазақстанның ұстанымын нығайтуды қамтамасыз ететін ауқымды инвестициялық бағдарламаны белсенді түрде іске асыруды жалғастыруда.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды