Үздік теміржолшылардың суреттері ҚТЖ ғимаратының LED-экранынан көрсетілді

Жаңалықтар
14.10.2025, 10:35
Оқуға 2 мин

Республика күні қарсаңында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ әкімшілік ғимаратының LED-экранында «Біздің арамыздағы батырлар» сериясынан кезекті бейнеролик ұсынылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бейнероликте стандартты емес жағдайларда жоғары кәсібилік, жауапкершілік және ұстамдық танытқан 22 теміржолшы көрсетілген. Олардың ұқыптылығы мен жедел әрекеттері арқасында көлік қозғалысы мен тасымалдау процесінің қауіпсіздігі үшін ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін оқиғалардың алды алынды.  

Батырлар қатарында – кірме жолдағы ақауларды уақтылы анықтаған және вагондардың рельстен шығып кетуіне жол бермеген Тобыл станциясының пойыздар құрастырушысы Александр Яковаш; рельстің сынғанын анықтаған Қарағанды станциясының пойыздарын құрастырушы Мұхамедкәрім Шынболат; Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінің қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі учаске бастығы Рахат Омаров бар.

Есіл және Балқаш локомотив пайдалану деполары тепловоздарының машинистері мен көмекшілері — Бауыржан Мұсаев, Алтынбек Сапан, Тимур Рахметов, Виталий Андриенко және Жаңаскар Омаров — қарғын судың жиналуын уақтылы анықтап, қауіпсіздіктің ықтимал бұзылуының алдын алып, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етті.  

Қостанай вагон пайдалану депосының вагондарын тексеруші-жөндеушілер Сергей Ступко мен Мақшар Жеңістан вагондардың рельстен шығып кетуіне жол бермей, роликті букстардың бұзылуын анықтады.  

Вагондарды қабылдаушылар Андрей Колесников (Алматы) және Әнуар Дүненбаев (Павлодар), сондай-ақ жолаушылар вагондарын жөндеу шебері Ерлан Рақымжанов («Вагонсервис» АҚ) жолаушылар құрамының ақауларын анықтап, қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуын болдырмады.

Жол дистанциясының қызметкерлері де қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлкен үлес қосты.

Атбасар жол дистанциясының жол шебері Максим Хлебников, монтерлер Серікбосын Бекентаев (Аягөз), Генерал Бошаев және Әлия Ахмағанбетова (Ақадыр), Василий Жалалов (Арқалық) және Олжасын Ержанов (Қостанай) пойыздардың ықтимал жолдан шығып кетуін  болдырмай, ақаулы және сынған рельстерді анықтады.

Ақжайық сигнал беру және байланыс дистанциясының электромеханигі Әскер Жұмалиев пен Алматы электрмен жабдықтау дистанциясының электромеханигі Марат Шайкенов инфрақұрылымның қауіпті ақауларын уақтылы жойды.

 Атырау станциясының дефектоскоп арбасының операторы Ерсайын Қуанышев пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін рельстердің жасырын ақауын анықтады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ күн сайын бүкіл ел бойынша пойыздардың қауіпсіз және үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ететін өз қызметкерлеріне алғысын білдіреді. Олардың кәсібилігі, зейіні мен жауапкершілігі бүкіл ұжымға үлгі болып табылады және қоғамдық құрметке лайық.  

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды