«Заң және Тәртіп» фотокөрмесі: Астанада көлік полициясының қызметі таныстырылды

Жаңалықтар
15.10.2025, 19:35
Оқуға 2 мин
Фото: Департамент полиции на транспорте

Көліктегі полиция департаменті «Нұрлы Жол» теміржол вокзалының күту залында «Заң және Тәртіп» тақырыбында фотокөрме ұйымдастырды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық санасын нығайту және оларды құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысуға ынталандыру. Сонымен қатар, көлік полицейлерінің күн сайынғы қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қажырлы еңбектерін айшықты фотосуреттер арқылы жұртшылыққа насихаттау. 

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы қоғам тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің негізі болып табылады. Бұл, әсіресе еліміздің теміржол және әуе көлігі нысандарында ерекше маңызға ие. Себебі, мұнда құқықтық тәртіптің сақталуы мыңдаған адамның қауіпсіздігімен тікелей байланысты», – деді Көліктегі ПД бастығының орынбасары Оңдасын Аштаев. 

Оның айтуынша, бүгінгі күні Департамент пен оның аумақтық бөліністерінде екі жарым мыңнан астам полицей қызмет атқарады. Олар құқық бұзушылықтардың алдын алып, заңның үстемдігін қамтамасыз етіп жүр. 

Ақпараттық саясат басқармасының басшысы Ләззат Қасымжанова көрмеде көлік полициясының қоғамдық тәртіпті қорғаудан бастап, жанештілік танытқан ерлік әрекеттеріне дейінгі аралықты сипаттайтын 50-ге жуық фотосурет қойылғанын атап өтті. 

«Темірдей тәртіп пен табандылықты, тіпті, ең шешуші сәттерде басын бәйгеге тігуге дайын болуды талап ететін қызмет қашанда құрмет тудырады. Ал, ішкі істер органдары қызметкерлерінің ашықтығы, заңдылықтарды сақтауы, адалдығы мен отансүйгіштігі халықтың сенімін арттырады», – деді ол. 

Расында, көрмедегі суреттерде тәртіп сақшыларының күнделікті қызметі туралы шынайы кадрлар, яғни, теміржол вокзалдар мен жолаушылар поездарын патрульдеу, қылмыстың алдын алу және азаматтармен өзара ықпалдастық сәттері көрініс тапқан. Бұған қоса, іс-шара барысында полицейлер жолаушыларға аса қауіпті аймақтарда жүріс-тұрыс ережелері жазылған буклеттер мен жадынамалар таратып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Заң және Тәртіп» фотокөрмесі – қоғамдық тәртіпті қорғау сапында жүрген азаматтарға деген құрметтің белгісі іспетті. Сондай-ақ, аталмыш көрме полиция қызметкерлерінің қоғам мен мемлекет мүдделерін құқыққа қарсы қолсұғушылықтардан қорғау жолындағы маңызды миссиясын еске салды.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды