ҚТЖ делегациясы АҚШ-тың темір жол нысандарын аралады

Жаңалықтар
05.11.2025, 08:58
Оқуға 2 мин

Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапары аясында "ҚТЖ "ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов АҚШ-тың ең ірі темір жол компанияларының бірі - Norfolk Southern Corporation басшылығымен кездесіп, оның негізгі инфрақұрылымдық нысандарын аралады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Сапар барысында ҚТЖ делегациясы тасымалдауды басқарудың орталық диспетчерлік орталығының жұмысымен танысты, сондай-ақ компанияның операциялық нысандары - Атланттағы Inman Yard сұрыптау станциясы мен контейнерлік жүктерді тиеп-түсіруді және өңдеуді қамтамасыз ететін Austell мультимодальды терминалында болды.

Көлік басқаруды цифрландыру, пойыздар қозғалысын жоспарлаудың зияткерлік жүйелерін енгізу, логистикалық тізбектердің тиімділігін арттыру және теміржол инфрақұрылымын дамыту саласында тәжірибе алмасу болды.

Сондай-ақ, ҚТЖ делегациясы американдық Wabtec Corporation компаниясының кеңсесінде болды. Кездесу барысында локомотив паркін жаңарту, қауіпсіздіктің инновациялық жүйелерін және қозғалысты басқарудың цифрлық платформаларын енгізу бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Norfolk Southern — Шығыс жағалауда тасымалдауды қамтамасыз ететiн және оны елдiң батыс магистральдарымен қосатын АҚШ-тың iрi темiржол жүк компанияларының бiрi. 1827 жылы құрылған, штаб-пәтері Атланта қаласында, Джорджия штатында орналасқан. Norfolk Southern темір жол желісі АҚШ-тың 22 штатында 31 000 шақырымнан астам жолды қамтиды. Компания 44 интермодальдық терминалды, желі бойындағы 782 өнеркәсіптік алаңды және 50-ден астам порттық логистикалық серіктестерді басқарады. Жылжымалы құрам 160 000-нан астам вагондарды (меншікті, жеке және жалға алынған), сондай-ақ өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы, энергетикалық, контейнерлік және автомобиль жүктерін тасымалдауға қызмет көрсететін локомотивтер паркін қамтиды.

Компания 260-тан астам серіктестік логистикалық бағыттарды қолдайды, жүк тиеуді және мультимодальдық тасымалды қамтамасыз етеді және Нью-Йорк, Чикаго, Атланта, Филадельфия, Жаңа Орлеан, Майами және т.б. қоса алғанда, АҚШ-тың ірі экономикалық орталықтары арасындағы жүк-көлік дәліздерінің негізгі операторы болып табылады.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды