ҚТЖ Достық шекара станциясындағы жұмысын қорытындылады

Жаңалықтар
23.01.2026, 09:00
Оқуға 2 мин

Достық станциясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Талғат Алдыбергенов компанияның өткен жылғы қызметінің қорытындылары мен ағымдағы жылдың міндеттері бойынша тораптық кеңес өткізді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жыл қорытындысы бойынша тарифтік жүк айналымының, тасымалдау және экспорт көлемінің өсуі байқалды. Достық – Мойынты учаскесінде екінші жолдар қолданысқа енгізіліп, Алматы станциясы торабының айналма желісі бойынша қозғалыс ашылды. Теміржол инфрақұрылымын жаңғырту және салу жұмыстары жалғасуда. 

Кеңес қорытындысы бойынша ҚХР бағытында тасымалдау процесіне қатысушыларды үйлестіруді күшейту, Қазақстан мен Қытай арасындағы тасымалдау көлеміне қол жеткізу үшін жүктерді уақтылы қайта тиеу, инфрақұрылымның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, сондай-ақ Алтынкөл – Жетіген учаскесін жаңғыртуды және Достық – Алашаңқай аралығындағы екінші жолдарды салуды аяқтау тапсырылды.

Терминалдық қуатты арттыру үшін Достық станциясындағы жүк терминалын қайта жаңартуды және Алтынкөл станциясындағы контейнерлік терминалды кеңейтуді жеделдету тапсырылды. 

Басқарма Төрағасы сондай-ақ вокзал ғимаратындағы жөндеу жұмыстарының барысын бағалады және пойыз бен маневр жұмыстарын тәулік бойы үйлестіруді қамтамасыз ететін заманауи электр орталықтандыру бекетіне барды. Мұнда негізгі жұмыс орындары: маневрлік диспетчер, станция кезекшісі, орталықтандыру станциясының операторлары, диспетчерлер шоғырланған. Бұл ұжымның Қытай темір жолдарындағы әріптестерімен тығыз үйлестірудегі үйлесімді жұмысы пойыздардың қозғалысын жедел жоспарлауға және қамтамасыз етуге, олардың қабылдануы мен жөнелтілуін бақылауға, сондай-ақ елдің маңызды көлік тораптарының бірінде тасымалдардың қауіпсіздігі мен тиімділігіне кепілдікке мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Достық станциясында Қазақстан – Қытай шекаралық бағытындағы тасымалдарды дамытуға қосқан үлесі үшін 43 қызметкер мен серіктес марапатталды.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды