Қазақстан мен Қытай теміржол ынтымақтастығын нығайтуда

Жаңалықтар
23.01.2026, 12:58
Оқуға 2 мин

Алашаңқай станциясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Талғат Алдыбергенов пен «Үрімші темір жолы» ЖШҚ Басқарма Төрағасы Го Цзианмен кездесті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы 2025 жылғы теміржол тасымалының қорытындысын шығарды және 2026 жылға арналған жоспарларды, электрондық құжат айналымын және қағазсыз технологияларды енгізуді, сондай-ақ жүк, коммерциялық, локомотив, вагон мен жол жұмысы мәселелерін талқылады.

Жыл қорытындысы бойынша тасымалдау көлемінің өсуі және жүктердің негізгі санаттары – металдар, мұнай өнімдері, көмір және химиялық өнімдер бойынша экспорттың ұлғаюы байқалды, сондай-ақ астық жүктері мен құрама жем тасымалдарының үш есе өсуі тіркелді.

Қазақстандық тарап Достық – Мойынты учаскесінде екінші жолдар бойынша қозғалысты іске қосуды, Алтынкөл – Жетіген учаскесін жаңғыртуды және Бақты – Тачэн үшінші шекаралық өткелінің жобасын іске асыруды қоса алғанда, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру туралы баяндады.

Үрімшіге сынамалар жөнелтуді ұйымдастыруды қоса алғанда, астық жүктерін қабылдауға және зертханалық бақылау мерзімдерін қысқартуға ерекше назар аударылды.

Сапар аясында қазақстандық делегация Алашаңқай станциясының өндірістік инфрақұрылымымен: қайта тиеу терминалдарымен, бонд аймағымен, диспетчерлік орталықпен, өткізіп беру кеңселерінің өндірістік ғимараттарымен және ауысым қызметкерлеріне арналған жатақханамен танысты.

Алашаңқай станциясы қазіргі заманғы қабылдау-жөнелту жолдарымен және астық, өсімдік майы, тыңайтқыштар мен темір рудасын қоса алғанда, әртүрлі жүктерді өңдеуге арналған арнайы терминалдармен жабдықталған Қытайдың ең ірі шекаралық теміржол торабы болып қала береді.

Сондай-ақ Достық станциясында Қазақстан мен Қытай темір жолдары түйіскенінің 35 жылдығына арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Талғат Алдыбергенов және «Үрімші темір жолы» ЖШҚ Басқарма Төрағасы Го Цзиань қатысты.  

 2025 жылы Достық – Алашаңқай шекара өткелінің ашылғанына 35 жыл толғаны атап өтілді. Оны пайдалану кезеңінде осы өткел арқылы 425 млн тоннадан астам жүк тасымалданды.

ҚР және ҚХР шекаралық темір жолдарының қорытынды жұмыс кеңесінің хаттамасына қол қойылды. Тараптар халықаралық көлік дәліздері мен транзиттік тасымалдарды дамыту үшін өткелдің стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Қазақстан Қытайдың Еуропа, Каспий өңірі, Орталық Азия және Таяу Шығыс нарықтарына қол жеткізуін қамтамасыз ететін сенімді құрлық көпірі рөлін растады.

Ескерткіштің ашылуы екі ел теміржолшыларының халықаралық тасымалдарды дамытуға қосқан үлесін, сондай-ақ көлік саласындағы қазақстан-қытай әріптестігін одан әрі нығайтуды білдіреді.

 

 

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды