Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жаңа техника табысталды

Жаңалықтар
12.03.2026, 17:36

Жаңа қызметтік арнайы техниканы «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС (ӘТЖК) қызметкерлеріне табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жүйелі жұмыс шеңберінде күзет бөлімшелерінің қажеттіліктері үшін 78 Toyota Hilux жол талғамайтын көлігі сатып алынды. Жаңа жоғары өтімді техника кәсіпорынның бүкіл республика бойынша аумақтық филиалдары арасында бөлінген. Автомобильдер қызмет талаптарына сәйкес толық жабдықталған және теміржол инфрақұрылымы объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға арналған.

Бөлімшелерді заманауи арнайы техникамен жарақтандыру топтардың ұтқырлығын, әрекет етудің жеделдігін және темір жолыинфрақұрылымының стратегиялық маңызды объектілерінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов материалдық-техникалық базаны нығайту және қызмет атқару үшін заманауи жағдайлар жасау компания жұмысының маңызды бағыты болып табылатынын атап өтті.

«Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС-да қызметті дамытуға, қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға және материалдық-техникалық базаны жаңғыртуға бағытталған шаралар кешені дәйекті түрде іске асырылуда.

Автопаркті жаңартумен қатар қызметкерлерді қызметтің заманауи талаптарына және күзетті алып жүру шарттарына сәйкес келетін жаңа формамен қамтамасыз ету бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

Іске асырылып жатқан шаралар теміржол инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімділігін арттыруға және елдің көлік саласының стратегиялық маңызды объектілерін сенімді қорғауға бағытталған.

Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды