Бейжіңде Қазақстан мен Қытайдың теміржол әкімшілігі басшыларының кездесуі өтті

Жаңалықтар
24.03.2026, 12:41
Оқуға 2 мин

Бейжіңде «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов Қытай темір жолдары Мемлекеттік корпорациясы Директорлар кеңесінің Төрағасы Го Чжусюмен келіссөздер жүргізді. Қысқа мерзім ішіндегі бұл үшінші кездесу Қазақстан мен Қытай тж әкімшілігінің өзара тығыз іс-қимылын білдіреді, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Келіссөздер барысында қытайлық тарап 2025 жылғы Жүк тасымалы көлемінің жоспарлы әрі тұрақты өсуін қанағаттанушылықпен атап өтті және тараптар 2026 жылға арналған мемлекетаралық шекара пункттері арқылы тасымалдау мен пойыздар алмасу көлемін одан әрі ұлғайту жоспарларын белгіледі. 

ТХКБ, «Қытай – Еуропа», «Қытай – Орталық Азия» және «Қытай – РФ» сияқты негізгі бағыттар бойынша контейнерлік сервистерді бірлесіп дамытуға ерекше назар аударылды.

Транзиттік әлеуетті нығайту үшін тараптар контейнерлік пойыздар санын ұлғайту, өзара іс-қимыл процестерін цифрландыруды тереңдету және тасымалдарды жоспарлау мен басқару жөніндегі ақпаратты алдын ала беру туралы уағдаласты.

Ауқымды жұмыс инфрақұрылымдық жобаларға да әсер етеді: «Алашаңқай – Достық» учаскесінде екінші жолдардың құрылысын үйлестіру, терминалдық қуаттарды дамыту, сондай-ақ «Жетіген – Алтынкөл» және «Қорғас – Цзинхэ» учаскелерін жаңғырту жоспарлануда. 

«Бақты – Тачэн» үшінші трансшекаралық теміржол өткелінің жобасын іске асыру, оның ішінде жүктердің болжамды көлемі мен номенклатурасын айқындау күн тәртібінің жекелеген тармағы болды. 

Сонымен қатар, мәдени байланыстарды нығайту мақсатында тараптар Қытайдан Қазақстан қалаларына және Орталық Азия елдеріне туристік пойыздың іске қосылуын талқылады.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды