ҚТЖ-да көктемгі комиссиялық тексеру басталды

Жаңалықтар
01.04.2026, 11:54
Оқуға 1 мин

«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдары мен еншілес ұйымдарында көктемгі комиссиялық тексеру басталды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

26 наурыздан 23 сәуірге дейін тексеру оңтүстік және батыс өңірлерінде өтеді. ШҚО-ның солтүстік және шығыс аймағында 13 сәуір мен 12 мамыр аралығында жүргізіледі.

Тексеру инфрақұрылымды тасымалдаудың жазғы кезеңіне дайындау шеңберінде жүргізіледі. Тексеру барысында жылжымалы құрамның, жол мен инфрақұрылымның техникалық жай-күйі, сондай-ақ объектілердің және техникалық құралдардың жай-күйі бағаланады.

Бұл жұмыс пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, еңбекті қорғау, техника және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға бағытталған. Жұмысшылардың еңбек жағдайларына ерекше назар аударылады.

Өңірлерде комиссиялар құрылып, кестелер бекітілді, мамандардың шығуы қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін және теміржол инфрақұрылымының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Су басуға бейім учаскелерде өткізу құрылыстарын тазарту, жер төсемін нығайту жүргізіліп, су деңгейі мен жолдардың жай-күйін тәулік бойы бақылау ұйымдастырылады. Жедел бригадалар құрылып, ықтимал тәуекелдерге уақтылы ден қою үшін қажетті техника дайындалды.

Ықтимал су тасқынына жедел ден қоюға және пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған 45 шайып кетуге қарсы пойыздар тұрақты дайындықта тұр. Арнайы құрамдар қажетті техникамен және инертті материалдармен жабдықталған.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды