Теміржолды кесіп өткен 18 мыңнан астам адам жауапқа тартылды

Жаңалықтар
29.04.2026, 07:56
Оқуға 2 мин
Фото: Департамент полиции на транспорте

Көліктегі полиция департаменті теміржол инфрақұрылымы нысандарында жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Профилактика аясында көлік полицейлері теміржол ұйымдарында, білім беру мекемелерінде және халықпен кездесулерде тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, аса қауіпті аймақта өзін-өзі ұстау ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсіндіруде, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері белгіленбеген жерлерден теміржолды кесіп өткені үшін 18 мыңнан астам азамат жауапкершілікке тартылды. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, теміржолда жарақат алу жағдайлары әлі де тіркелуде. Өткен кезең ішінде Департаментте теміржол көлігімен байланысты азаматтардың жарақаттануының 17 дерегі тіркелді, оның 12-сі өліммен аяқталды.

«Бұл қайғылы статистика кәмелетке толмағандарды да, ересектерді де ойландыруы тиіс. Денсаулық пен кей жағдайда өмірдің өзі тек олардың қырағылығы мен қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауына байланысты», – деді Көліктегі ПД бастығының орынбасары Құрмет Мәжікенов.

Оның айтуынша, пойыз қағып кету оқиғаларының саны бойынша ең күрделі жағдай Алматы, Қызылорда және Өскемен станцияларында байқалады. Оқиғаларды талдау көрсеткендей, қайғылы жағдайлардың негізгі себептері – теміржолды белгіленбеген жерлерден кесіп өту, сондай-ақ азаматтардың мас күйінде қауіпті аймақта болуы.

Тек соңғы тәуліктің өзінде Қарағанды-Сұрыптау және Қызылорда станцияларында осындай құқық бұзушылықтар тіркелді. Барлық жағдайда азаматтар теміржолды рұқсат етілмеген жерлерден кесіп өткен. Пойыз машинистерінің жедел әрекеттерінің арқасында құрам дер кезінде тоқтатылып, қайғылы жағдайлардың алдын алу мүмкін болды.

«Көлік сақшылары азаматтарды теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Ата-аналар теміржол маңында балаларды қараусыз қалдыруға болмайтынын есте сақтауы тиіс. Жазғы демалыс қарсаңында балаларды бақылауға алып, оларға теміржол нысандарының маңындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге ерекше көңіл бөлген жөн», – деп түйіндеді сөзін Қ. Мәжікенов.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды