Жол жүру ережесін бұзған 200-ден астам жолаушы пойыздан түсірілді

Жаңалықтар
20.05.2026, 08:52
Оқуға 1 мин
Сурет: Көліктегі ПД

Жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жолаушылар пойыздарында жасалған 255 құқық бұзушылықты анықтаған, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Статистикаға сәйкес, құқық бұзушылықтардың басым бөлігі алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтынумен байланысты. Осындай 225 дерек тіркелген. Сонымен қатар 17 ұсақ бұзақылық фактісі және өзге де құқық бұзушылықтар анықталды.

Мәселен, Бейнеу станциясында көлік полицейлері «Маңғыстау – Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызынан пойыз бастығының актісімен Қызылорда облысының 35 және 44 жастағы екі тұрғынын түсіріп алды. Аталған азаматтар вагонда алкогольдік ішімдік ішіп, балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған және өзге жолаушыларға қолайсыздық туғызған.

«Құқық бұзушылар қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішкені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға айыппұл салынды. Сондай-ақ ұсталғандардың бірінің бұған дейін де осыған ұқсас құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталды», - деп хабарлады Көліктегі ПД.

Көліктегі ПД азаматтарды айналасындағыларға құрметпен қарап, сапар барысында тәртіпті сақтауға шақырады. Ведомство өкілдері алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтыну көбіне құқыққа қайшы әрекеттерге себеп болып, жолаушылар қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін еске салды.

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды