ҚТЖ халықаралық көлік дәліздері үшін LTE-R бірыңғай цифрлық желісін құрады

Жаңалықтар
22.06.2026, 13:39
Оқуға 2 мин

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Транстелеком» АҚ-мен бірлесіп Қазақстанның барлық аумағы бойынша тасымалдау процесін, теміржол инфрақұрылымын және жылжымалы құрамды басқарудың бірыңғай цифрлық платформасына айналатын LTE-R заманауи цифрлық технологиялық желісін құру жөніндегі жобаны іске асыруда деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жоба аясында еліміздің 20 мың шақырымнан астам теміржол желілері бойында заманауи цифрлық байланыс желісін құру және 3 мыңға жуық LTE-R радиобайланыс объектілерін салу жоспарлануда. Жаңа инфрақұрылым Қазақстанның негізгі теміржол бағыттарын үздіксіз цифрлық қамтуды қамтамасыз етеді.

LTE-R SMART-инфрақұрылымды, SMART-локомотивтерді, цифрлық станциялар мен вокзалдарды, тасымалдау процесін мониторингілеу мен басқарудың зияткерлік жүйелерін дамыту жобаларын енгізу үшін базалық технологиялық негіз болады. 

Желі саланы басқарудың бірыңғай цифрлық кеңістігін қалыптастыра отырып, локомотивтер, диспетчерлік орталықтар, автоматика жүйелері және теміржол инфрақұрылымы объектілері арасында нақты уақыт режимінде деректерді беруді қамтамасыз етеді.

Жобаны іске асыру:

•         локомотивтер, диспетчерлік орталықтар және инфрақұрылым объектілері арасында үздіксіз деректер алмасу арқылы пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін арттыру;

•         штаттан тыс жағдайларға жауап беру уақытын қысқарту;

•         бүкіл теміржол желісіндегі технологиялық байланыстың сенімділігін арттыру;

•         адам факторының қозғалысты басқаруға әсерін азайту;

•         заманауи бейнебақылау және бейнеаналитика жүйелерін енгізу;

•         деректерді талдау негізінде инфрақұрылымға жоспарлы қызмет көрсетуден болжамды жөндеуге көшу;

* басқарушылық шешімдер қабылдаудың жеделдігін арттыру;

•         жолаушылар үшін цифрлық сервистерді, соның ішінде заманауи телекоммуникациялық қызметтерге және жол бойындағы Интернетке қолжетімділікті дамыту.

Жоба Қазақстанның көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту үшін стратегиялық маңызға ие. LTE-R пойыздар қозғалысын басқарудың интеллектуалды жүйелерін енгізу, инфрақұрылымды пайдалану тиімділігін арттыру және халықаралық көлік дәліздерінің өткізу қабілетін арттыру үшін технологиялық негіз жасайды.

Жаңа желі Қазақстанды Қытаймен, Орталық Азия елдерімен, Кавказбен, Ресеймен және Еуропамен байланыстыратын негізгі транзиттік бағыттарды қамтиды. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, теміржол көлігінде цифрлық технологияларды енгізу инфрақұрылымның өткізу қабілетін 15-30 пайызға арттыруға, қауіпсіздік деңгейін күшейтуге және жаңа теміржол желілерін ауқымды салуды қажет етпей пайдалану шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді.

Болашақта LTE-R FRMCS және 5G желілеріне негізделген шешімдерді қоса алғанда, жаңа буын теміржол технологияларын енгізудің негізі болады.

Жобаны іске асыру ұлттық ауқымдағы бірыңғай цифрлық теміржол экожүйесін қалыптастыруға, көлік инфрақұрылымының тиімділігін арттыруға және Қазақстанның Еуразияның негізгі көлік-логистикалық тораптарының бірі ретіндегі ұстанымын нығайтуға мүмкіндік береді.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті